№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үштілділікпен үндескен ұстаз

Үштілділікпен үндескен ұстаз


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақстандықтардың жарқын болашағы үш тілді еркін меңгеруде екенін атады. Яғни, ғылым мен инновация тілі – ағылшын тілі болса, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі, қазақ тілі ана тілі ретінде қарауы тиіс. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ағылшын және орыс тілі пәні енгізіліп, балғындар үштілділік идеясында білім ала бастады. Демек, оқытушының біліктілігі жоғары болса, тәрбиеленушілер үш тілді еркін меңгермек. Осы тұрғыдан алғанда Рабиға Әбуованы өз ісінің маманы ретінде тануға болады. «Гүлдер» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндердің орысша тіл сындыруға жауапты маман «Тәуелсіздіктің 26 жылдық» мерей тойына арналған ауданның үздік жас ұстаздары арасында «26 жаңа есімге» лайық деп танылды.
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған байқауға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ұстаздар қатысқан еді. Солардың арасында үздік деп танылуы талапты жастың еңбегіне берілген шынайы баға еді. Ол "Гүлдер" бөбекжай-балабақшасында бес жылдан бері қызмет етіп келеді. Мұнда 6-топта 90 бүлдіршін тәбиеленуде. Оның «Балауса», «Айгөлек», «Балапан» топтарында орыс тілі сабағын Рабиға Әбуова жүргізеді. Балаларға ана тілімен қатар орыс тілін меңгерудің әдіс-тәсілін жетік меңгерген маманнан педагогикалық қасиеттерді аңғаруға болады.
Түркістан қаласындағы «Дарын» колледжінде ағылшын мамандығы бойынша білім алып, кейін Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде ағылшын-орыс тілі бойынша білімін шыңдайды. Еңбек жолын №254 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастайды. Тұрмыс құруына байланыс­ты 2013 жылы Сүттіқұдықтағы мемлекеттік балабақшаға орыс тілі маманы болып жұмысқа тұрады.
Бала жүрегінен орын тауып, бала тілін түсіне білген Рабиға Әбуованы балабақшадағы бүлдіршіндер ерекше ықыласпен қабылдайды. Сүйіспеншілік, мейірімділік нұрын балғындарға төгіп, оларды тіл меңгеруге жағдай жасайды.
– Әдепкіде балалармен жұмыс жасауға жүрексіндім. Кейін балалардың тілін тауып, көңілін аулап, сабағымды дамыта бастадым. Қазір ғажап мекенде қызмет етіп жүргенімді мақтан етем, – дейді жас ұстаз.
Рабиғаның тағы бір ерекшелігі – қолөнерге бейімділігі. Өзінің қиялынан туындаған кестелер мен құрақтар, сәнді бұйымдар балабақшада бұрыш ашуға итермеледі. Ол мұндай өнерді анасынан үйреніпті.
– Әйелдің қолынан киім тігу, құрақ құрау, көрпе жасау келгені жақсы. Осынау өнерді заманауи тұрғыда жандандырып, өз шеберлігімді шыңдап, әсем бұйымдар жасаймын. Әрі түрлі сайыстарда осындай қасиетіммен ерекшеленіп, жүлделі оралып жүремін! – дейді ол.
Екі қыз, бір ұл өсіріп, ата-енесінің жайын жасап отырған жас келін өз міндетін жақсы біледі. Құдай қосқан қосағы Асылжан Өтебаевпен жарасым тапқан отанасымен әңгімелесу барысында «26 жаңа есімге» енуі кездейсоқ еместігін сезіндік.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
16 қаңтар 2018 ж. 1 678 0