Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баладан асқан бақыт жоқ

Баладан асқан бақыт жоқ



Азамат есік алдында тұрған жаңа мерседесімен бір шаруасын тындырып келмек болып тысқа шығады. Бір кезде машина тұрған жақтан тарс еткен ашы дауыс шығады. Не болып қалды деп қараса, өзінің 3 жасар баласы қолына темір алып машинаның алдынғы жағын майыстырып койғанын көреді. Ашуы шықкан әке әлгі темірмен баласының колынан ұра бастайды. Қатты ашуланған болу керек, көзіне ештеме көрінбейді. Бір кезде баласының қолынан қан саулап шыға келгенде ғана есін жинайды. Қан токтамағандықтан, істеген ісіне өкініп, баланы ауруханаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер баланың саусақтарының катты жаракаттанғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасап көргенімен ештеме өзгермейді. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда қолына аппақ мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап карап:
Әке сіздің машинаңызды бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай істемеймін, дейді де, саусақтарым жаңадан шығады ма? — деп жыламсырап сұрайды. Баласының даусын естіген әке, өзін ұстай алмай жылап жібереді де сыртка шығып кетеді. Мұндай дөрекілікке барған әке катесін түсініп, акыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болады.
Жақсы көретін адамға карсы сабырыңыз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жаксылап ойланып алыңыз. Мерседестер жөнделеді, бірақ, сынған саусақтар мен жаралы жүректер ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Адамдар қателеседі. Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген істер, адамды өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып әрекет қылайық. Сабырлы болайық.
27 мамыр 2019 ж. 1 082 0