Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАУЫРМАЛДЫҚ...

БАУЫРМАЛДЫҚ...

Жаңа жыл қарсаңында ағам маған судай жаңа көлік сыйлады. Кеңседен шықсам, машинамды айналсоқтап бір бала тамашалап жүр екен. «Бұл сіздің көлігіңіз бе?» – деп сұраған балаға: «Иә, менікі. Оны маған ағам сыйлады», – деп мақтанышпен жауап бердім. Көздері жайнап кеткен бала: «Шіркін, сіздің...» дей бергенде ақ, оның ойын бірден ұқтым. Ол да «көлік сыйлайтын бай ағам болса» деп армандап тұрған шығар. 

Бірақ бала: «Шіркін, сіздің ағаңыздың орнында болсам ғой» деп, мен күтпеген сөзді айтты. Баланың ниетіне риза болып кеттім де, көлігіммен қыдырып қайтуға шақырдым. Сәл жүргеннен кейін бала қуанышты дауыспен: «Аға, кешіріңіз. Менің үйімнің алдына тоқтай аласыз ба?» – деп өтінді. Үйіне әдемі көлікпен келгенін көрсетіп, көршілеріне мақтанғысы келіп тұрған шығар деген оймен тоқтай қалдым. 

Бірақ тағы қателесіппін... Үйіне жүгіріп кіріп кеткен бала бір кезде кішкентай мүгедек інісін арқалап шығып, көлікті нұсқап: «Көрдің бе? Бәрі де жаңа саған айтқанымдай. Бұл көлікті мына кісіге ағасы сыйлапты. Мен де күндердің бір күнінде міндетті түрде, саған осындай машина сыйлаймын. Сосын қалаған жеріңе өзің бара алатын боласың», – деді жүзі бал бұл жанып. Кішкентай баланың інісіне деген сүйіспеншілігіне толқып кеттім. Көлігімнен түсіп, інісін машинаның алдыңғы орнына отырғыздым. Мәз болып кеткен балақай артқы орынға жайғасты. Үшеуміз біразға дейін қыдырдық. Мен сол күні бірдеңені алғаннан да бергеннің көбірек бақыт сыйлайтынын түсіндім...
12 қазан 2018 ж. 1 597 0