№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛЫН КӘСІПКЕР ЕТКЕН МАСКҮНЕМ ӘКЕ

ҰЛЫН КӘСІПКЕР ЕТКЕН МАСКҮНЕМ ӘКЕ


Ағайынды екі жігіт болады. Бірі бұзақы, сотқар болып өседі. Екіншісі елге сыйлы кәсіпкер, туралықтан таймайтын, өте жақсы жігіт болады. Қылмысы үшін темір торға тоғытылып жатқанда бірінші жігіттен: 
- Сіздің осылайша қылмыскер болуыңызға не себеп болды? - деп сұрайды. 
Ол: 
- Мен бала кезімде қатты қиналдым. Әкем маскүнем болатын. Анамды, мені ұратын. Осындай болмағанда енді кім болам? - деп жауап береді. 
Арада біраз уақыт өткенде бір кісі әлгі қылмыскердің інісі, атақты кәсіпкерге: 
- Сіз өз жетістіктеріңізбен елге танымалсыз. Осы күніңізге жетуіңізге не себеп болды? - деп сұрақ қояды. 
- Мен бала кезімде қатты қиналдым. Әкем маскүнем болатын. Анамды, мені ұратын....- дейді.

ТҮЙІН. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген тәмсіл бар, десе де білімге, ілімге құштар жандардан үлкен азамат та шығады. Ең бастысы, ниет түзу болса болғаны, міне соның айғағы...
08 қазан 2018 ж. 1 644 0