№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әке мен баланың әңгімесі

Әке мен баланың әңгімесі

Бір күні бір бай кісі баласын кедей ортамен таныстыру мақсатында жұпыны бір ауылға алып келеді. Қайтар жолда баласынан не көріп, не түйгені жайлы сұрайды. Сонда баласы: Біздің үйде бір ғана ит бар, олар үш-төрт иттен ұстайды екен. Бізідің бақтың ортасында бір ғана фонтан тұр, ал оларда аяғы көрінбейтін өзен ағып жатыр екен. Біз бағымыз жарық болсын деп шамдар әкеліп ілдік, оларда аспандарын жарық етіп тұрған сансыз жұлдыздар жамырап тұр екен. Біз қоршалған аз ғана жерде тұрсақ, олар бітпейтін кең даланың иесі екен. Бізге қызметшілер қызмет етсе, олар бір-біріне көмектесіп, қызмет етеді екен. Біз әрдайым тамақ сатып алып жүрсек, олар еккен нәрселерінен өздері тамақ пісіреді екен. Біздің үйді қорғайтын биік дуалымыз бар болса, олар бір-бірін өздері қорғайды екен. Баласының жауабына таңқалған әке біраз уақыт үнсіз қалады. Сол кезде баласы: "Әке сізге маған біздің қандай кедей екенімізді көрсеткеніңіз үшін үлкен рахмет!", - дейді.(с)
Толқынай Əлімованың парақшасынан.
06 наурыз 2019 ж. 1 414 0