№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР – табыстың көзі

МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР – табыстың көзі

   2018 жылы 2000 мыңнан астам қазақ жастары шет ел асып, маусымдық жұмыстарға араласыпты. Иә, қазір ағылшын тілін меңгерсеңіз жұмыс күші аз Еуропа елдерінде жұмыс көп. Елден жырақтамай-ақ науқандық жұмыстардан табыс табуға болады. Мұны жаңақорғандық жастардың бүгінгі тыныс-тіршілігінен аңғаруға болады. Біз бүгін маусымдық жұмысты табыс көзіне айналдыра алған кәсіпкерлерді сөз етпекпіз.

Жалпы, Қазақстанда азаматтардың заң­ды еңбек ету жасы 16-дан зейнетке шыққанға дейін. Алайда 14 жастан асқан балалар ата-анасының рұқсатымен сабақтан бос кезінде еңбек етуге құқылы. Сондықтан осы жастағы оқушылар да жұмыс істеп, ақша таба алады. Десе де, олар белгілі бір кәсіпті игеріп кете алмайды. Мәселен, сауда-саттықпен айналысу, курьерлік қызмет, көлік жуу және т.б. жұмыс жасауға қауқарлы. Ал, жоғары сынып оқушылары компьютерлік қызмет көрсету бойынша нәпақа тауып отыр. Бұл заман талабы, бұрынғыдай қара жұмыс істейтін жасөспірімдер некен-саяқ. Бұл да дұрыс шығар.
Иә, көктем келгелі маусымдық жұмыс­тарға жан біте бастайды. Әсіресе, көпшілік балмұздақ сатумен айналысқанды жөн санайды. Себебі, аптап ыстықта сұранысы жоғары, әрі жасау тәсілі оңай. Арнайы аппарат болса, сосын жасау әдісін үйренсеңіз болғаны. Бір сөзбен айтқанда, шіліңгір шілдеде балмұздақ сататындардың саудасы жүреді. Осы секілді, салқындатылған сусындарға сұраныс та артатыны белгілі.
Енді бір сәт бізге балмұздақ қайдан келеді. Осыны анықтап алайық. Жаңақорғанға келетін балмұздақтың көпшілігі көршілес Түркістан облысында жасалатын «Ленгер балмұздағы» фирмасынан келеді. Іргетасы 1988 жылы қаланған «Ленгер балмұздағы» цехы бүгінде балмұздақтың 138 түрін өндіреді. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып, өзге облыстарды балмұздақпен қамтамасыз етіп отыр. Балмұздақтың дәстүрлі түріне құйыл­малы балмұздақ бәсекелесе бастады. Балмұздақтың бұл түрінің аудан орта­лығында саны арта бастады. Себебі, бағасы сәл қымбаттау болғанымен, сапалы өнімге сұраныс өте жоғары.
Одан кейін балалар ойнайтын алаң (аквапарк) да сұранысқа ие. Наурыз айының соңғы күндері іске қосылып, күзге дейін қызмет ететін кенттегі балалар алаңы үш ай демалыста тыным таппайды.
– Қазір қолы қимылдағанның қалтасы қалыңдайтын уақыт. Ең бастысы, бір кәсіпті бастап, соған ұмтылу керек. Менің осы бизнеспен айналысқаныма бірнеше жыл болды. Отбасылық кәсіпке айналдырып, қосымша жұмыс күшін пайдаланамыз. Бұйыртып жатса кәсібімізді кеңейту ойда бар, – деді жас кәсіпкер Данияр Әбенұлы.
Іскер азамат бұдан да бөлек бизнеске бет бұруды мақсат тұтқан. Өйткені, маусымдық жұмыс қызметін тоқтатқаннан кейін қосымша қызмет керек.
– Мен де қосымша бір кәсіпті бастауды жөн көрдім. Сымнан тор тоқитын станок алу ойда бар. Яғни, қора, егістікті қоршалайтын сым тор шығару аппаратын алып келемін. Бұл қарапайым ғана станок шымкенттік жастың кәсібін іргелендіріп, мақсатына қадам бастырды. Сондықтан, жастар ауданда жоқ кәсіпті қолға алуы тиіс, – деді жас кәсіпкер.
Иә, дұрыс айтады. Қазір жастардың қолынан көп нәрсе келеді. Алайда, көбі тәуекелге бара бермейді, сондықтан болар жұмыссыз жастар кәсіпке келгенде қиналып қалатыны. Оған себеп те жоқ емес.
Қазір орталық алаңда сәбилердің көлік мініп, велосипед теуіп жүргенін көресің. Құны уақытпен өлшенетін бұл қызмет түрлері жастар мен балаларға жаз бойы қызмет етеді. Соңғысы, жүгері саудасы. Базар маңында, әсіресе кешқұрым орталық алаңда жүгері сататын саудагерлер саны артады.
Енді олардың төлейтін салығына келейік. Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Серікбол Тайынбаевтың айтуы бойынша, орталық алаңдағы шағын кәсіп иелері салық төлейді. Алайда, олар тоқсан сайын есептеседі, яғни, алты айда олар өздеріне тиесілі салықты төлеуі міндеттелген. Иә, барлығы заң жүзінде дейді. Солай болсын, алайда, оларға да қолдау керек-ақ.
Қазір дамыған елдердің негізгі еңбек көзі шағын бизнеске айналды. Әсіресе, жастардың үлесі өсіп келеді. Бұл елдің экономикасын арттырып, әлеуметтік деңгейдің өсуіне үлкен сеп болады. Біздің елде де осы мәселе басты назарда. Әсіресе, Сыр өңірі аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың бас­тамасымен кәсіпкерлік саласына басымдық берді. Мәселен, аудан әкімі Ғалым Әміреев 2017 жылдан бастап агро-аймақ кешенін құрып, жастарды маусымдық жұмысқа шақыру бойынша байыпты бастама бастады. Яғни, егін егіп, одан өнім алып пұлдайтын жастарға мүмкіндік берді. Егін егемін деген жастарға агро-аймақтан сұраған жері қоршаланып, суы жеткізіліп беріледі. Ары қарай еңбек иесінікі. Міне, осындай маусымдық жұмыс биыл кейбір ауылда іске қосылды.
Біз бұларды неге айтып отырмыз, себебі қазір «екі қолға бір күрек» таппай жүрген жастар ата-аналарға масыл болмасын деген оймен үлгі еттік. Иә, мұның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Десе де, көзін тапқанға шыңыраудан шығар жол бар. Оны аудан орталығында жаңадан ашылған дәмді тағамдар орталығынан көруге болады. «Мега Пицца-777» дәмханасын ашқан Қыдыржан есімді жас кәсіпкер сұранысқа сай түрлі тағамдарды нарыққа шығара бастады. Оның сөзінше, тұрғындар талғамы жаңашылдыққа қарай бет бұра бастады. Қалалық жерден тұтынған тауарын ауданнан да көргісі келетіндердің көңішінен шығатын кәсіп түрімен айналысатындар ғана алға қадам басады дейді ол.
Қорыта айтқанда, қазір өзен жағалағанның өзегі талмайтын заман. Тек еңбек еткендер ғана бәсекеге қабылетті болады, көшке ілеседі. Тек тәуекел жасап көрсеңіз маусымдық жұмысты да табыс көзіне айналдыра аласыз.

Әли ТЕМІРББЕК.
17 мамыр 2019 ж. 908 0