Қазақстанда 50 жастан асқан 60 мыңға жуық адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты
Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Бағдарлама аясында жастар алғашқы жұмысшы мамандығын тегін ала алады. Сондай-ақ, сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды үйренуге болады. Өткен жылы 80 мыңға жуық адам осы мүмкіндікті пайдаланды.
2018 жылы 628 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, оның ішінде жұмыссыздар – 509 мың адам және өзін–өзі жұмыспен қамтығандар 119 мың адам.
Сондай-ақ, жастармен қатар жұмыссыз және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін елу жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдарға басым құқық берілген.
2018 жылы Бағдарламаға 50 жастан асқан 74 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 57 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.
50 жастан асқан шамамен 6 мың адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, ал 1,2 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылған.
www.enbek.gov.kz.