№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КОРЕЯДА ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

КОРЕЯДА ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ


Бүгінде қазақ жастары шетелге жұмыс іздеп, күнкөріс қамымен кетіп жатыр. Шекара асқан отандастардың басым бөлігі сая­хат үшін деп, құжатын толтырып, соңыра нәпақа табуға кіріседі. Міне, сондай еңбек мигранттары үшін майшелпекке айналған мемлекеттің бірі – Оңтүстік Корея.
Жақында ғана, 24.kz арнасындағы жаңалықтар бөлімінде Кореяда 100 мыңға жуық қазақстандық жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Оның бестен бірі заңсыз барған эмигранттар екен. Әрине, бұл бейресми дерек. Бізде әлеуметтік желі арқылы Корея Республикасында жалданып жұмыс жатқан жаңақорғандық жас­тарды іздедік. Көп екен. Бірнеше минутта онға жуық жастың есімі мен телефон контактісі келіп түсті желідегі жеке парақшама. Осылайша тепсе темір үзетін жігіттердің телефонына хабарласып, аз-кем тілдестік. Жаңақорғандық Ғани Әділовтың Кореяға аттанғанына 1,5 жыл болыпты. Қазіргі таңда құрылыс саласында еңбектенуде. Оның айтуынша, ол жақтағы ең төменгі айлық көрсеткіші айына (теңгеге шаққанда) 500-800 мың теңге аралығында екен. Одан бөлек, қызметіне қарай айына 1-2 миллион теңге жалақы алуыңа да мүмкіндік бар. Білгеніміз кәсіби маманға кәсіп көп. Тек корей тілін жақсы білсең болғаны. Десе де, біз әуелі Ғанидан виза мәселесін сұрадық.
– Жалпы Кореяға бір айлық туристік визамен кіресің. Онда да әуежайдан түскеннен кейін дек­ларация толтырғанда нақты жауап беруің қажет. Яғни, қалтаңдағы қаржымен қай қаланы, қай жерлерін аралайтынын ағылшын тілінде айтып бересің. Яғни, турист екеніңді сендіре білуің керек. Мұнан кейін бір айдан кейін, виза уақыты біткен соң, заңсыз еңбек мигранты болып қаласың. Ең бірінші кезекте, тәртіп бұзбасаң болғаны. Егер де аракідік корей полицейлерінің жүргізген түнгі рейдтеріне ілініп қалса, қайтадан елге депорт қылып қайтарады. Мұнан кейін 1 жылға дейін Кореяға кіре алмайсың. Өзім құрылыс саласында еңбектенудемін. Жаңақорғаннан 5 бала, Түркістан мен Кентаудан тағы 5 бала бірге пәтер жалдап тұрамыз, – дейді жаңақорғандық жас.
Оңтүстік Кореяның Пентек қаласында 28 қабатты тұрғын үй құрылысына үлесін қосып жатқан жерлесіміз қазақтардан басқа өзбек, қырғыз өкілдері көп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ желідегі жеке парақшама келген тағы бір телефон нөмірімен байланыстық. Ауданға қарасты шалғай ауылдан барған жас жігіт ә дегеннен есімін газет бетінде жазбауын сұрады. Келістік. Кредитінен құтылу үшін Корей еліне аттанған Ахметтің (есімі өзгертілді) бүгінде жағдайы жақсы. Оның айтуынша, жұмыс жасап жүрген қаласында айына 2000-5000 мың доллар табуға болады екен. Бірақ жоғары жалақыға қол жеткізу үшін жергілікті корей тілін білуің аса маңызды десе-ді. Ахметпен тілдесу барысында қазақ жас­тары көбіне құрылыс, фабрика, зауыттарда жұмыс жасайды. Күніне 80-150 вон аралығында жалақы алады. Бұл теңгеге шаққанда 22 000 мен 30 000 теңге аралығы. Жалпы телефон арқылы байланысқандағы ұққанымыз қазақ жастары жұмыс көзінен бұрын жоғары жалақы алу үшін баратыны белгілі болды. Жырақта жүріп, 1-2 жыл жұмыс жасап, жағдайымды жасап аламын деген ниет.
Десе де, бүгінгі таңда ақпарат көздерінен байқап жүргеніміздей Сеулде қазақстандық мигранттар тым көбейіп кеткен. Сондықтанда болар, құжатынан шикілік шыққандарды Қазақстанға дереу депорт жасауда. Яғни, әуежайдан бастап тексеріс күшейіп, талап қатайған. Оған қоса, тағы бір айта кетерлігі, жұмыс істеуге барғаннан кейін тек жұмыс істеу керек екен. Шетелдің аты шетел. Өзіңе өте сақ болып жүрмесең қандай да бір жағдайға ұрынып қалсаң, ахуалың қиын. Егер заң бұзушылықпен ұсталсаң, заңсыз мигрант ретінде сотталып кету қаупі басым. Бұл дегеніміз нәпақа табамын деп шетел асқандардың барлығының бірдей жолы бола бермейді деген сөз. Керісінше, Кореяға өту үшін тегін корей азаматтығына ауыстыратындардың қатары тым жиілеп кеткен.
Не десек те, жастар қауымы шетелге кетуге ықтияр. Бұл әркімнің жеке шар­уасы. Дейтұрғанмен өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол деген аталы сөзді әсте шығармаған абзал. Себебі, бәлен жерде бақыр деп белін бекем буып, түйіншегін түйіп отырған жастар көп. Оған бір жағынан еліміздегі жұмыссыздық мәселесінің өзекті болып тұрғаны өкінішті. Жалақысы аз жұмысқа орналасқаннан гөрі, шетел асып, жағдайымды жасап алайын деген тұрмыстық сана үстемдік құрғаны жасырын емес.

Әбдісамат ӘБДІШ.
30 тамыз 2018 ж. 1 123 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 00:19
Cialis Scaduto Da Un Mese Order Nexium Samples Online Amoxicillin Clavamox http://kamagorder.com Medicamento Cialis 10mg

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 22:25
Viagra Cialis Nebenwirkungen Viagra Cialis Levitra Combo Packs viagra Karela Cialis Quand