№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ КЕШЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ

КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ КЕШЕННІҢ КЕЛЕШЕГІ


«Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзитті 2017 жылы 17 пайызға өсіп, 17 миллионға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді». Елбасының биылғы Жолдауынан үзінді. Яғни, стартегиялық құжаттағы төртінші басымдық – көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бұл бағытта Сыр өңірін кесіп өтетін күре жолдың бірі – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі еліміздің транзиттік әлеуетін әдеуір арттырды. Екі құрлық арасын жалғайтын халықаралық дәліз интеграциялық үдерістер алаңына айналды. Сондай-ақ бұл транзиттік жол – Қазақстан үшін ерекше орын алатын көліктік-коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы және туризмнің дамуына ықпал етіп, шағын қалалар өміріне қан жүгіртетін мега-жоба.
Айта кету керек, ғасыр жобасына баланған күре жолдың ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Оның 3425 шақырымы Қытайды, 2452-і Қазастанды, 2233-і Ресейді кесіп өтеді. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Батыс пен Шығысты жалғайтын сауда магистралінің 812 шақырымы Қызылорда облысына тиесілі. Оның 220 шақырымы І санаттағы жолға жатқызылса, 567 шақырымы ІІ санаттағы. Ал, Жаңақорған ауданынан Ұлы Жібек жолының 110 шақырымы өтеді.
2017 жылғы ресми дерекке сүйенсек, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойынан тәулігіне 13 млн тоннаға жуық тауар тасымалы жүреді екен. Әрине, көлік қозғалысы көбейген жерде көлікке қызмет көрсететін сервистік орталықтардың да бойына қан жүгіреді. Қазіргі таңда автодәліз бойындағы қызмет кешенін көбейтуге барынша күш салынуда. Бұл бір жағынан жолды жағалай орналасқан ауылдық округ тұрғындарынада жұмыс көзі. Қызылорда облысының аумағында жоба бойынша 41 сервистік кешен ашу жоспарда. Ал, Жаңақорғанда өткен жылы халықаралық автодәліз бойынан 5 сервистік қызмет көрсету кешені ашылған. Бұл туралы аудан әкімінің есепті кездесуінде белгілі болды. Міне, осы күре жол бойынан нәпақасын тауып, кәсібін кеңейтіп жатқан кәсіпкердің бірі – Әбибулла Құламетов. Ол бүгінде автодәліз бойынан «В» санатына жататын сервистік қызмет көрсету кешенінің жобасын жүзеге асырып, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек көлік жүргізушілеріне толыққанды жағдай жасалған. Яғни, 60 орындық дәмхана, 20 орындық қонақ үй, 16 адамдық монша жұмыс жасап тұр. Көлік нөпірінің артуы кәсіпкердің бизнесін кеңейте түсті. Автокөлікке қызмет көрсету кешенінде де барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ
БАСТЫ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ?

Иә, ебін тапсаң, жолдың бойынан да пайда табуға болады. Бірақ ұлттық стандарттың талабы қандай? Осы жөнінде күре жолдан кәсіп бастағысы келіп жүрген ынталы азаматтарға ақпарат берсек. Жалпы, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары 4 санатқа бөлінеді: «А», «В», «С» және «Д». Әрбір 40-50 шақырым сайын автожол бойында жанармай құю стансасы, жайлы сауда орны мен әжетханалары бар «Д» санатындағы нысандар орналасу қажет. Ал, әрбір 20-60 шақырым сайын автотұрақ, тамақтану және сауда орындары бар нысандар «С» санатына жатады. Ендігі кезекте, 80-120 шақырым сайын жанар май құю стансасы, қонақ үй, әжетхана, жуыну кабиналары, сауда және тамақтану орны, техникалық көлік сервисі, көлік жуу, автотұрақ, және де табиғат аясында демалуға арналған орындар «В» санатына жатады. Ал, «А» санатына аталмыш нысанның барлығы кіреді бірақ, көлемі мен сыйымдылығы жағынан жоғары болуы тиіс. Міне, осы талаптарға сай болған нысандар халықаралық деңгейдегі сервистік қызметтерін көрсетуге рұқсат. Бұл бағытта Жаңақорған ауданында автодәліз бойынан бизнес-жобаларын жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлерді атап өтсек: ЖК «Аружан К» «С» санатындағы сервистік қызмет көрсету жобасы. Жобаның құны 36 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары осы жылы толық іске асырылады деп күтілуде. Екінші, ЖК «Бексұлтан» «В» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің құны 783 млн теңге. Құрылыс жұмысы осы жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Үшінші, ДК «Басқожаев» «С» санатындағы кешен жобасының құны 75 млн. Бүгінгі таңда жоба ішінара іске асырылып, 6 адам жұмыспен қамтылған. Және «А» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешенін «Казтуризм» ЖШС жүзеге асыруда. Сондай-ақ ДК «Астана» жол бойынан құны 400 млн. теңгелік «С» санатындағы қызмет көрсету кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр.
Түйіндей айтқанда, күре жол – көлік қозғалысымен қатар, сервистік қызмет көрсету саласының серпінді дамуына жол ашпақ. Мәселен, 2016 жылы осы халықаралық авдодәліз бойынан 3 мың автокөлік жүрсе, 2017 жылы оның саны 5 мыңнан асқан. Бұл дегеніміз – Елбасы Жолдауында айтылған көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру керектігін айқындайды. Себебі, транзиттік жолы бар шетелдік мемлекеттер жылына 1 трлн доллар көлемінде табыс түсіреді екен ел қазынасына. Осы тұста, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінде орналасқан Жаңақорғанның күре жол бойынан күректеп ақша табуға мүмкіндігі мол.

Әбдісамат ӘБДІШ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 694 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 18:26
Differenze Cialis Levitra online pharmacy Cialis Funziona Depressione Achat Cytotec En Ligne Abortion Pill Fast Delivery

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 19:51
Doctissimo Viagra 25 Viagara Generic Propecia Pa Natet cialis Keflex Toxicity Non Presciption Indocine Zithromax Mail Singapore