№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Қазақ ұлты ағайын-туысқан қатты мән беріп, әрбірінің орнын, маңызын ұрпағына ұғындырып отырған. Сонымен, біз туыстық атауларда нені білуіміз қажет?

Бала - перзент, ұрпақ.
Ұл - кәмелетке толмаған ұл бала.
Қыз - кәмелетке жетпеген әйел бала.
Бозбала - бойдақ, жас жігіт.
Бойжеткен - ержеткен, бой түзеген қыз.
Алайда, қазақ халқы қзатылған қыздарын сексенге келіп селкілдеп отырса да "қыз" дейді. Ұзатылған қыздар төркініне келгенде еркін сөйлейді. Үлкен-кіші туыстары оны ауыр алмай көтереді. Төмен отырмай, ата, ағаларымен қатар төрге отырады. Жеңгелеріне, келіндеріне еркелеп сөйлеуге де, әмір бере сөйлеп, айбат көрсетуге де хақы бар. Жеңгелері мен келіндері оның бәрін күле отырып, кешіріммен қабылдайды. Себебі, қазақ халқы қыздың жолы үлкен болады деп ерекше құрмет көрсетеді.
Әке - перзенттің атасы.
Шеше - перзенттің анасы.
Үлкен әке - әкенің ағасы.
Кіші әке - әкенің інісі.
Үлкен шеше - шешенің абысыны.
Кіші шеше - шешенің ажыны.
Өгей әке - әкесі өліп немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.
Өгей шеше - туған шешесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, әкесімен үйленіп, шеше орнын басқан әйел.
Баба - әкесінің әкесі.
Әже - әкесінің шешесі.
Нағашы ата - шешесінің әкесі.
Нағашы әже - шешесінің шешесі.
Кіндік шеше - туған кезде кіндігін кескен әйел (қыз бала болса - кіндік апа)
Кіндік әке - туған кезде кіндігін кескен ер адам (ұл бала болса - кіндік аға)
Аға - жасы өзінен үлкен ер адам.
Апа - өзінен үлкен әйел адам (қыз)
Ағайын - аталас, туыстас, ағайын адамдар.
Туыс - ағайын, жақын, туысқан адамдар.
Іні - өзінен кіші ер адам.
Қарындас - ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).
Сіңлі - қыздар мен әйелдерден жасы кіші әйел адам (қыз).
Бауыр - бірге туысқан жақын адамдар.
Жамағайын - аталас, ағайын адамдар.
Жеңге - ағаның әйелі.
Келін - баланың немесе інісінің әйелі.
Қайын жеңге - күйеу жігіттің қайын ағасының әйелі.
Қайын келін - күйеу жігіттің қайын інісінің әйелі.
Балдыз келін - бірге туған бауырына тиген әйелінің сіңлісі.
Жиен - ұзатылған қыздан туған бала.
Жиеншар - жиеннен туған бала.
Дегеншар - жиеншардан туған бала.
Көгеншар - дегеншардан туған бала.
Жиен іні - ұзатылған қыздан (әпке-қарындастан) туған, өзінен жасы кіші ер адам.
Жиен қарындас - ұзатылған қыздан туған өзінен жасы кіші әйел (қыз) (ерлерге қаратылған).
Жиен күйеу - жиен қыздарының күйеуі.
Жиен келін - жиендерінің әйелі.
Жиен жезде - жиен әпкелерінің күйеуі.
Жиен күйеу - жиен қыздарының күйеуі.
Жиен сіңлі (әйелдерге қаратылған) - ұзатылған қыздан (әпке-сіңлілерден) туған, өздерінен жасы кіші әйел (қыз).
Жиен апа - ұзатылған қыздан туған өзінен жасы үлкен әйел (қыз).
Жезде - апаның (әпкенің) күйеуі.
Күйеу - некелі әйелдің ері.
Күйеубала - ұзатылған қыздың немесе қарындас сіңлілердің күйеуі.
Қайын ата - әйелінің әкесі.
Қайын ене - әйелінің шешесі.
Қайын аға - әйелінің ағасы немесе күйеуінің ағасы.
Қайын іні - әйелінің інісі немесе күйеуінің інісі.
Қайын бике - әйелінің апайы немесе күйеуінің апасы.
Балдыз - әйелінің сіңлісі.
Қалыңдық - күйеуге атастырып қойған қыз.
Бажа - әйелінің әпке-сіңлілерінің күйеулері.
Нағашы аға - шешесінің аға-інілері.
Нағашы іні - шешесінің аға-інілерінен туған, өздерінен жасы кіші ер адам.
Нағашы қарындас - (ерлерге қаратылады) шешесінің туыстарынан туған, өзінен жасы кіші әйел (қыз).
Нағашы жеңге - нағашы ағаларының әйелі.
Нағашы келін - нағашы інілерінің әйелі.
Нағашы жезде - нағашы әпкенің күйеуі.
Нағашы күйеу - нағашы қарындас, нағашы сіңлілердің күйеуі.
Бөле - туысқан қыздардан туған бала.
Қарын бөле - бір ата, бір анадан туған, қыздардан туылған бала.
Бөле аға - бөле ерлердің жасы үлкені.
Бөле әпке - бөле қыздардың жасы үлкені.
Бөле қарындас - бөле қыздардан туған, өзінен жасы кіші әйел (қыз).
Бөле сіңлі - бөле қыздан туған, қыздардың өзінен жасы кішісі.
Абысын - қайын ағаның әйелі (әйелдерге қаратылған).
Ажын - қайын інінің әйелі (әйелдерге қаратылған.)
Бөле жезде - бөле әпкенің күйеуі.
Бөле күйеу - бөле қарындастың немесе бөле сіңлінің күйеуі.
Бөле келін - бөле інінің әйелі.
Төркін - бөле інінің әйелі.
Төркін - ұзатылған қыздың ата-ана, ел-жұрты.
Қайын жұрт - әйелінің туыс-туған, ел-жұрты.
Ағайын жұрт - ер адамдардың туыс-туғандары мен ел-жұрты.
Нағашы жұрт - шешелерінің туыс-туғандары мен ел-жұрты.
Бес бала - ана-ананың өзінен туған төл перзенті (бірінші ұрпақ).
Немере - ұлынан туған бала (екінші ұрпақ).
Шөбере - немеренің баласы (үшінші ұрпақ).
Шөпшек - шөберенің баласы (төртінші ұрпақ).
Немене - шөпшектен туған бала (бесінші ұрпақ).
Туажат - неменеден туған бала (алтыншы ұрпақ).
Жүрежат - туажаттың баласы (жетінші ұрпақ).
Жекжат - жүрежаттан туған бала (сегізінші ұрпақ).

P.S.: Туыстық атаулар адамдардың туыстық сүйіспеншілігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайтып, барыс-келіс, алыс-берістерін жиілетеді. Сондықтан жастарға туыстықтың мәнін түсіндіре жүрейік.
29 сәуір 2019 ж. 2 274 0