№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АТА-АНАНЫҢ ҰРПАҒЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ ҚАНДАЙ?

АТА-АНАНЫҢ ҰРПАҒЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ ҚАНДАЙ?



Қазақ ұлтында бала тәрбиесіне үлкен мән берілген. Сондықтан перзент алдында ата-ананың міндеттері көп. Сіз ол жайлы білесіз бе?
Ата-ананың ұрпағы алдындағы қарыз-парыздары:
1. Өз ұрпағы алдында жан-тәні мен ар-абыройын таза сақтау, жаман қылық көрсетпеу.
2. Ана тілін толық үйрету. Ұрпақтарына ана тілін үйрете алмаған ата-ана ұрпағы алдындағы қарыз-парызын толық өтемеген мәңгілік қарыздар адамға айналады.
3. Баласының төрт мүшесін сау, ес-ақылын дұрыс етіп есейту (баланы жас кезінде күйдіріп, кем-кетік етіп алған ата-ана ұрпағына мәңгі қарыздар болып қалады).
4. Ұрпақтарына аналық ақ сүтін адал да пәк етіп беру. Бала емізер кезде басына жаулық-салы салып отыру, омырауын жуып, құрғақ, таза дәкемен сүртіп барып емізу. Балаға ауру-сырқау, дерт-дербез жұқтырудан аулақ болу.
5. Құқық-мүддесін қорғау. Өзгелердің қорлауына, зорлауына ұшыратпау. Қам-қайғысыз өмір сүруіне мүмкіндік жаратып беру.
6. Ұрпақтарының жүрегіне адам баласының теңдігі мен береке-бірлігін, достығын ұялату. Ізгі ниетті, адал, арлы азамат етіп жетілдіру.
7. Отбасына адал, әділ болу, уәде-серттен таймау.
8. Отанын қорғау, отбасы мен ел тыныштығын сақтау. Ұрпақтарын аздырып-тоздырмау. Отанға, халыққа адал қызмет ету.
9. Өнер-білім, үлгі-тағылым үйрету.
10. Уағымен тамақтандырып, киіндіріп, жуындырып, киімі жытылса жамап, өз құрбыларынан кем қылмау.
11. Қажырлы, қарапайым болуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Адал, арлы, әдеп-ибалы болуға баулу.
12. Адамдармен қалай қарым-қатынас жасау, қалай сыйласу, қалай аман-сәлем жасау, қалай сәлем беруді үйрету.
13. Туыс-туған, дос-жарандар ара алыс-беріс, барыс-келісті ұғындыру.
14. Ер-әйел, үлкен-кіші, бала-шаға арасындағы жол-жосын, әдеп-иба салтын үйрету.
15. Үлкен жиын-той, қаралы салттар мен ас-нәзірге қалай бару жол-жосығын ығындыру.
16. От жағу, тамақ пісіру, шай құю, төсек салу, үй жинау, қолға су құю, мал қайыру, ат байлау, қонақ күту дағдысын үйрету.
17. Кісілік, кішілік дағдысын ұығындырып, ар-абыройын таза сақтау, әдепті, ибалы болу жолдарын үйрету.
18. Оқытып, жақсы тәрбие беріп, есейгенде өз сүйгендерімен үйлендіру.
19. Ата-ананы құрметтеуді, үлкендерді сыйлап, кішіні аялауды үйрету.
20. Аналар мен қыз балаларды, ақсақалдар мен өнер-білімді кісілерді қадірлеуді ұғындыру.
24 сәуір 2019 ж. 1 880 0