Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰРЛАНҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ

ҰРЛАНҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ


Ашық терезеден оқыс соққан салқын жел үлкен жеңіл ақ пердені үйірді. Таң алдында 1 сағат мызғығаны болмаса, Айерке бұл түнді ұйқысыз өткізді. Уайымы анасының айықпас дерті. Қатарластарынан ерте есейген Айерке жасы небәрі 10 да болса да үй шаруасына мықтап шыңдалған. Сонымен қатар 5 жасар інісі Қазбектің жағдайын да  өз мойнына артқан.
Айерке  артындағы үлкен есік кең ашылғанын, ар жағынан жәйлап басып, ауыр тыныс ала демігіп келе жатқан шешесін жаңа байқады. Анасын көре сала, орнынан лезде тұрып қалың көрпені төсей бастады. Бұл күнде анасының жағдайы ауырлап,қимыл-қозғалысы үлкен қиындыққа айналған. Көз ұясы ішіне тартып, құр сүлдері қалған.  Анасы Айеркені көріп қуанып қалған сияқты. Аппақ шүлмектей болған жүзіне қызғылт қан ұялады. Бөлме ішін жайлаған үнсіздік. Кенет анасы сөз бастап:
- Айкошым... жүрегіме ана махаббатын силаған тұңғышым. Көпке бармайтыным белгілі. Сен бойжетіп қалдың, саған ана ақылы керек шақта тастап кетіп барам. Мені кінәләй көрме. Мен кетсем, сендерге пана болар ана керек. Әкеңнің таңдауын мақұл ал, демеу бол. Қарсы шықпа, айтқанын орында. Артыңнан ерген бауырың өзіңе аманат...
Қара көзден тамшылаған жасын  Айерке  ендігі тоқтатар емес. Анасының ыстық құшағына, бала жүрегі қимай егіліп құлай кетті.
Анасының қайтқанына да бір жылдан аса уақыт болды. Үй ішін  өгей шешенің өктем айқайы мен қаһары билеп алған. Анасының бар кезіндегі  топ-томпақ, қызыл шырайлы, қарақат көзді Айеркенің аппақ келбеті солыңқы тартып,   құп-қу шөлмектей болып қалыпты. Жүзінен қорлық  пен мұңның ізі байқалады. Бұрынғы алма беті кәдімгі қайғы шеккен адамдарша, тозығы жетіп жүдеп қалған. Кезекті өгей шешенің айқайынан   «Әпкелеп» келіп қарғадан қашқан торғайдай қарсы шыққан Айеркенің құшағына құлап-сүріне  жығылған Қазбекті көргенде, қаршадай қыздың  көзінен мөлтілдеп кесек-кесек жас тамшылайды. Өгей ұл күні бойы ауыр жұмыстан титықтатып, құдықтан су тартып,  есесіне тамаққа тоймай, үнемі ашқұрсақ жүргені. Күтімсіз қор болған бала, үсті-басы кір қожалақ , ең болмаса балаша асыр салып ойнауға да мұршасы жоқ. Айерке бұл уақытта үй шаруасына жегілген. Қазбектің мынандай халін көріп, Айеркенің тамағынан ас та өтпейді. Өгей шеше  сайран салып, барды жеп, барды киіп, қарсы шыққан өгей балаларына өз әкелерін жекіруге де мәжбірлейтін. Оқуда озат  болған Айеркенің, оқу үлгерімі де нашарлап қалған.
Түн ортасы, самал желмен бірге анасының аманат сөздері Айеркенің құлағына еміс-еміс естілгендей болды. Әкесінен қамқорлық күткен  бала жүрегі ендігі үмітін  үзуге айналды. Тек ішінен күйінішті сөздерін сыбырлап, қайта-қайта айта береді.
-Анашым, сенің жоқтығың күн сайын жүрегіме мұң болып орала береді. Мұншалықты қиын күн кешетінімізді тілемегеніңді білемін. Айтқан аманатыңды ақтай аламын ба? Өз құрсағынан шықпаған баланы кім бауырына сендей  баса қойсын? Әкенің жақсы көргені жездедей-ақ болғаны ма? – деп күрсініп қояды.
Қазір Айерке үшін асыға күтетін жазғы демалысы сағымға айналған. Қатарластары асыр салып, жаз қызығына батып жүргенде, оның үй шаруасынан бас көтеруге мұршасы жоқ . Әкесі де күн өткен сайын ауыр науқасынан күйзеліп еңсесі түсіп қалған. Өз қамын күйттеп жүрген өгей шеше үшін әкесінің жағдайы маңызды болмады. Әкесінің жүрегінде  түзеуге келмейтін өкініш өрті күн өткен сайын дертін күшейтіп жіберді.
 Бірде қызымен сырласқысы келіп:
-Қызым, анаңды сағынған боларсың? Ана мейірімін бере алар деген оймен қазіргі шешелеріңмен бас қосқан едім. Дегенмен қателік жасағанымды енді түсіндім.
Әкесінің күйзелген жүзін көріп, іштей жаны жылаған Айерке:
- Өгей анамды кінәләмаймын.  Өз құрсағынан шыққанымызда, бізге мұншалықты опасыз болмас па еді. Әке, әсілі  әр балаға өз анасының құшағынан ыстық, жанашыр жан табылмас.
 Қаршадай қызынан мұндай жауап күтпеген әке, абдырап жауап таба алмай, Айеркесініңжетімдіктің қасіретінен  өз қатарластарынан әлдеқайда есейіп кеткендігін байқады. Ащы өксік кернеген көкірегі қарс айырылардай болып, қалт етпестен терезеге телміріп қала берді. 
Малика НҰРМАХАН.
29 шілде 2018 ж. 1 562 0