№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?



Білекке сенген заманда
Ешкімге есе бермедік,
Білімге сенген заманда
Қапы қалып жүрмейік...
Абылай хан.

Пах! Шіркін! Осынау сай-сүйекті шымырлатып, кейінгі ұрпаққа аманат жүгін арқалатқан Абылай бабаның байыпты сөзі мені қашанда тебіренте түседі. Бәлкім, жастайымнан “туған жер” деп өскен сергек сананың арқасы ма, әлде әлемдік ғылымға жол ашсам деген бала арманның жетелегені ме әйтеуір жүректің түпкілікті қалауымен өмірлік нанымды, кәсібімді ұстаздық қызметпен байланыстырдым. Тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин секілді “Кел,балалар оқылық” деп қазақ баласын ғылым-білімге, руханиятқа жақындатуға атсалысып,ізгілікке жол бастадым.
“Қазақ тілі – қан тазалайды. Ағылшын тілі – ғылым биігіне шығуға жол тазалайды. Иә, бағзы бабалар қалдырған пәлсафа менің мамандыққа деген құштарлығымды арттырады. Әлемнің кілті болған ағылшын тіліне деген құштарлығымды беки түсуде. Сондықтанда, ғаламдық өркениетке көш бастаған біздің елде мен ғылымдардың алтын көпірі болған ағылшын тілін таңдадым.Өйткені, шет тілін білу – ғылымның шешуін табуға жол ашады. Мамандығым – менің басты мақтанашым, болашаққа салған алтын көпір. Себебі, 21 ғасыр – ғылым мен техниканың, ақпараттың толассыз ағыстаған заманы. Ендеше, бүгінгі қоғамға, бүгінгі қазақ баласына, білім саласына өзім секілді заңғар биікке ұмтылған, үш тілді жетік меңгерген, саяси-санасы сауатты, көкірек көзі ояу, елжанды жасампаз жас ұстаздар өте-өте қажет-ақ! Өйткені, Тұңғыш Президентіміз болған кемел ойлы кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаевтың өзі” «Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің мол болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы тұста толғанысты туындыма айбарлы ақын Ғафу Қайырбектың “Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Ұстаз болу – адамның асылдығы” деген кереметтей жыр шумақтарын арқау еткім келеді.
Ағылшын ағартушысы Уорд Уильямның “Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады”, – деген қанатты сөзі бар. Иә, жай мұғалім болып көптің бірі болып жүру де оңай. Бірақ, ондай тұлғаның бойынан ұлтқа деген қамқорлық, балаға деген мейірім, жүрекке деген сәуле шашырамасы анық. Әрине, ондай мұғалім – бұл заманның талабы емес. Олай болса осы заманның яғни «21 ғасырдың ұстазы» қандай болмақ? Осы сауалға мұнар шыңға ұмтылып жүрген мақсаты биік, арманы асқақ, еңбегі адал, парасатты пайымды, даналыққа ұмтылған, өз ісінің кәсіби білгірі болған, біліктілік пен бейімділікті басты мақсат еткен “Ұлы ұстаз» болуды армандап, сол жолда күресіп жүрген жай мұғалім ретінде жауап берсем:
1. Патриотизм. Отансүйгіштік қасиет. Отанын сүйген пендеде иман, ұлтқа, халыққа, ұрпаққа деген жанашырлық болады. Ал,ондай мұғалім әр сабағын ынта-ықыласпен, өтіп баланы білімге баурайды. Елжанды ұстаздан тәлім алған бүгінгі ұрпақтың ертеңі баянды, болмысы биік, мақсаты айқын еліне адал болмақ.
2.Профессионалды педагог. Бүгінгі заман жастарына білім беру аса жауапкершілікті, біліктілікті терең талап етеді. Ал, 21 ғасыр мұғаліміне артылар басты талап кәсіби сауатты бола білу. Яғни, өз мамандығын жетік меңгерген, тәрбиенің түрлі факторларын таныған ұстаз болуы шарт.
4.Алғырлық.Мұғалім қай қоғамда да алғыр топ жарғыш болуы шарт. Қазірше айтқанда, лидер. Еті тірі, өжет, сөзі нық, ақылы асқақ, көпті жарып, өз ойын, сөз бостандығын еркін жеткізетін тұлғадан келешек батыл да батыр ұрпақ сусындауы хаһ.
5.Жанашыл оқытушы. Қашанда жаңалыққа, жаңа бастамаға, жаңа идеяға құштар жанның оқушыға да берері көп болмақ. Сондықтан, заман талабына сай, жаңашыл ұстаз бола білу керек.
6.Бес аспап. Әмбебап десек те болады.Ұстаз – ана, ұстаз – әйел, ұстаз – әпке, ұстаз – маман.Сонымен қатар, ұстаз – тілмаш, 3 тілді жетік меңгерген, руханиятқа құштар, әнш-биші, аспазшы сынды сегіз қырлы, бір сырлы болуы шарт. Өйткені оқушымен жұмыс өнерлілікті, тілмаштықты, білгірлікті, даналықты, пайымдылықты талап етеді.
7.Озат ұстаз. Осынша қасиеттер бойынан табылған, жаңа бағдарламаны меңгеріп, методика, психология-философия ілімін терең таныған кемеңгер, жаңашыл педагогты озат ұстаз деп атауға болатындай. Қорыта айтқанда мамандыққа адалдық – ұрпақ алдындағы абзал борыш дер едім. Бәрінен бұрын ата-баба аңсаған руханият, ілім-білім, ғылым әлемі қазір қоғамға қолжетімді. Ал,ертеңгі ел тізгінін ұстар бүгінгі жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, салихалы сауаттылық, бәсекеге қабілетті, әлем көшіне ілесер білім биігін дарыту – бүгінгі ұстаздың яғни “21 ғасыр мұғалімінің» басты міндеті.
Түйін. Сәулелі сөзді түйіндей келе, мамандыққа адалдық – ұрпақ алдындағы абзал борыш. Бәрінен бұрын, ата-баба аңсаған руханият, ілім-білім, ғылым әлемі қазіргі қоғамға қолжетімді. Ал, ертеңгі ел тізгінін ұстар бүгінгі жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, салихалы сауаттылық, әлем көшіне ілесер білім биігін дарыту – бүгінгі ұстаздың яғни «21 ғасыр мұғалімінің» басты борышы. Олай болса, осынау ұлы жолда ерінбей еңбек етіп, білім биігі үшін маңдай терді сарқа жұмсасақ екен.Сонда ғана тәуелсіз елдің тұғыры биік, келешегі кемел, әлеуметі әлеуетті болмақ. Менің де түсінігімдегі мақсат осы озық ойлармен ұштасып жатқанды. Арманым сол, 7 түрлі талапты меңгерген озат ұстаз болу.

Ұлдана Дошан.
26 сәуір 2019 ж. 2 930 0