№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заманауи білім көкжиегі

Заманауи білім көкжиегі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақстандықтардың жарқын болашағы үш тілді еркін меңгеруде екенін атады. Яғни, ғылым мен инновация тілі – ағылшын тілі болса, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі, қазақ тілі – ана тілі ретінде қолданылып, балабақша бүлдіршіндеріне үш тілді меңгеру міндеттелді.
Осы ретте, аудан балабақшаларында бүлдіршіндердің тілдерді меңгеруі қандай деңгейде? Мұны мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан сұрадық.
– Үштілділікті игеру – балабақша қабырғасынан бастау ала бастады. Оның басты себебі, ғылым мен техниканың дамуы, прогрестің қарқын алуы ықпал етті. Заманның қарқынына ілесу үшін балабақшада тілді меңгеру міндеттелді. Осы орайда №10 «Айгүл бөбекжай» балабақшасында 36 сағат орыс тілі енді. Ал, ағылшын тілі штатын сұраудамыз.
Ағылшын тіліннің алғашқы сатысын топ тәрбиешілері қосымша сабақ ретінде жүргізеді. Яғни, балаларға қарапайым заттардың ағылшынша атауын үйретеміз. Бүлдіршіндер ағылшын тіліне қызығушылығы басым. Жадына тез сақтап, келесі сабақты асыға күтеді. Ертеңгілік жоспарында ағылшынша өнер көрсету міндетті түрде болады. Қысқа қайырсақ, ағылшын мен орыс тілі баланың ой өрісі дамуға қажет.

Гүлназ МАТЕЕВА,
№10 «Айгүл» бөбекжайының меңгерушісі:
18 сәуір 2018 ж. 1 302 0