№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыз алып қашу салт па, дерт пе?

Қыз алып қашу салт па, дерт пе?

  Ағайын-туыс тегіс жиналды. Себеп біреу. 34-ке толған Арманның үйлену тойының қызықшылығын көру. Бір уақытта жүк таситын көлік үйдің қасына келіп тоқтады. Есік ашылды. Ішінен денелі төрт жігіт шықты. Сол мезетте зор даусымен айқайлап «Мені жіберіңдер. Мен оны танымаймын. Мен кетемін» деп ұзын шашты қыз түсті. Көлікті күтіп тұрған жеңгелері қыздың екі қолынан демеп, үйге қарай беттеді. Келін болып түскелі тұрған қыздың «Өтініш жіберіңдер. Мен кетейінші», деген мұңды даусы құлақты жарып барады.

  Не керек, Арманның жеңгелері мықтылық қылды ма, әлде іні-қарындастарын «жетілдіремін» деп жүріп қалған Мақпал «бағым осы шаңырақ болар» деді ме, әйтеуір сынсып-сынсып, өксігін басып, ісіп кеткен бетін сумен жуып, басына орамалын тақты. Таққан орамалы әлі күнге дейін басынан түскен жоқ.
Арман екеуі алты ұл-қызды тәрбиелеп, алды жоғары мектепте, қалғаны орта мектепте үздік оқуда. Ол кезде отбасын «алып қашу» үрдісімен құру сән болатын. Бұл ХХ ғасырға тән құбылыс. Тіптен, 90 жылдардың аяғына дейін осылай болды емес пе?!
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығы. Алматыда бірге оқитын бір топ достар Түркістанға жолға шықты. Мақсаттары қазақтың рухани астанасына саяхат жасау. Тек Мұраттың ғана ойы басқада. Жегідей жеп бара жатқан жеңгелерінен өзін құтқару үшін, өзіне қылығымен, қазақы мінезімен ұнайтын Іңкәрді Жаңақорғанға алып қашу. Олай болмағанда не? Мұрат ауылдан оқуға кетіп бара жатып жеңгелеріне «биыл келіндеріңізді алып келмесем, ауылға келмеспін» деп уәдесін беріп кеткен болатын. «Айтылған сөз атылған оқпен тең», не болса да қызды алып қашу қажет.
Содан ағасына телефон соғып, Түркістанға келуін өтінді. Жандос жақсы хабарды ести сала жолға шықты. Қызылорда мен Шымкенттің қойы қоралас емес пе? Оның үстіне көлік нөмірінің сериясы Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты. Такси тоқтатқан болып Жандос Жаңақорғанға жол тартты. Алғашында бұл аймақтан хабары жоқ жастар жол бойындағы нысандарды тамашалап бара жатқан-ды. Бір уақытта Сауран қаласын көрген Іңкәр бір жамандықты сезгендей, «жігіттер, қайта барамыз, кері қайтыңдар», – деді. «Қазір Сауран қаласына, сосын Сығанаққа барып қайтамыз», – деп қатты олар.
Жаңақорғанға таяп, көлік бағытын өзгертті. Іңкәрдің ойына Жандостың сөз салып жүргені түсіп, айқайға басты. Бірақ бәрі де кеш еді. Себебі, Жандостың ағайыны тойға дайындықты жасап, музыкалатып күтіп алды. Іңкәр «Жандоспен тек қана доспыз. Мен оны сүймеймін. Оны жары болаймын. Мен сотқа беремін», – деп айқайға салды. Зарлы дауысы музыканы басып кеткені соншалықты жұрт абыр-сабыр күйге түсті. Бір уақытта ақ орамалды ана қызды сабасына түсіріп, қолхат жаздырып алды. Хатта: «Әке, ана, мен өз еркіммен Жандосқа тұрмысқа шықтым», – делінген. Той өтті. Олардан үш перзент болды. Бес жыл отасқан екеуі бақытты жандардай сезінеді.
2015 жыл. Қыз алып қашу операциясы. Жігер мен Мақпалдың таныстығына екі-үш айдай болды. Жігер жүрегі қалаған қызды алып қашуға бекініп, досымен ақылдасып көрші ауылға беттеді. Күндегісінше Мақпалмен кездесті. Аяғы Жаңақорғандағы кафеге бару үшін көлікке отырды. Сөйтті де қызды алып қашты. Қыз келісімін берді. Кешірімге 300 000 теңге және бір бұзаулы сиыр берді. Сол-ақ, екен Мақпал «мен үйге қайтамға» басты. Ақыры үлкенге де, кішіге де көнбей үйіне кетті. Үйіне барысымен Жігерге телефон соғып, «мені ұрлағаның үшін 600 000 теңге бер. Болмаса сотқа беремін» деді. 30 жасты алқымдап қалған. Жігіт қатты алданғанын түсініп, несие алып, сұраған қаржысын тауып берді.
Жалпы, ел арасында қызды алып қашу жайлы түрлі әңгіме көп. Өткен ғасырда сәнге айналған бұл үрдіс арқылы үйленгендер тәлімді де тәрбиелі ұл-қыз тәрбиелеп, елдің өркендеуіне үлес қосты. Қазір де қызды алып қашу жоқ емес. Бірақ, заңды талап ететін жастар сотпен қорқытады.
Бүгінде жастар бір-бірін тексеріп, біліп, танып алғанды қалайды. Алайда некесі көпке созылмай жатыр. Осындайда «алып қашудың пайдасы бар ма?» деп те ойлайсын. «Дәстүрдің тозығы бар, озығы бар» деп осындайда айтылса керек.
Қыз алып қашу қылмыс па, әлде дәстүр ме? – деген ой келеді сонан соң.

Ж.ШАЙМЕРДЕНОВА.
11 сәуір 2019 ж. 1 309 0