№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иықтан шашың төгіліп жерге

Иықтан шашың төгіліп жерге


Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сыбдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін? – деп ұлы ақын Абай жырлағандай, халқымызда қыз баланың көркі – шашы саналған. Ұзын шашты қыздың жүріп бара жатқан артынан қарап тұрудың өзі көңілге әдемі бір сезім ұялатады. Әрине, әдемі шаш өсіру де оңай емес. Ол үшін қыз баланың шашын жасынан мәпелеп өсірген жөн.
Қазіргі уақытта көптеген қыз-келіншектер шаштың тым көп түсуіне байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп жүр. Осы себепті де олар шашын қысқартып алатын ұқсайды. Расында, шаштың қысқа не ұзын болғанында не қасиет бар деуіңіз мүмкін. Оған айтарымыз ұзын шаш қыз баланың қасиетінің бір белгісі. Қазақтың қызы қашанда ұзын өрген. Қыздың шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталған. Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түсетін. Қысқасы, қазақ қызы үшін шашының көркі – сұлулығының серті болған. Шаш күтіміне келсек, жиі жуылған шаш тез өседі. Шашты айына бір рет айранның сары суымен жуу керек, одан әрі шашты өсіріп-өрудің, тарап-тарқатудың, күтіп-баптаудың өзіндік бір талғам-талабы болған.
Мен өзім жас кезімде, шашымның ұшын және кекілімді қиямын деп ата-анамнан сөз естігенім бар. Ол кезде шаш қиятын қыздар аз еді. Өкінішке қарай, қазіргі қыздар шашын қысқа етіп қиып, түрлі түсті бояуларға бояп алады. Аналарымыздың аузынан «Шашты жайып жүру – жаман ырым» деген сөзді естіп өсіп келе жатқанымызбен, шаш жіберуді сәнге айналдырып алғанымыз рас.
Әрине, «заманына қарай адамы» Алайда, ата жолынан, ана дәстүрінен безінбей, болашақ ұрпаққа табыстауға болатын қолаң шаштың қадір-қасиетін жоғалтпау әрбір қазақ қызының парызы деп ойлаймын.
Қаракөздеріміз әйел затының табиғатындағы ибалылық пен көркін асырған қос бұрым екендігін ұмытпаса екен деп тілеймін...

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
07 наурыз 2018 ж. 3 160 0