» » БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты


Қырғызстанда қызды ұрлап, өлтіріп кеткен оқиғадан соң Біріккен ұлттар ұйымы алаңдай бастады.Қырғыз елінде 24 жасқа дейінгі қыздардың  13,8 %-ын күштеп алып қашқан, деп жазады sputnik.
“Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңсыз әрекетті жоюды қолдайды және оны 2022 жылға дейін Қырғызстан үкіметі қол қойған келісімге сәйкес басымдықтардың бірі деп таниды”, — делінген мәлімдеме мәтінінде.
 
БҰҰ мәліметінше, қыз алып қашу және адамды еркінен тыс үйлендіру оның жеке бас құқығын бұзуға жатады. Бұл қырғыздардың салт-дәстүріне сай емес. Сондықтан БҰҰ Қырғызстан үкіметін халықаралық шарттар мен ұлттық заңның орындалуын қолға алуға шақырады.

01 маусым 2018 ж. 1 002 0