Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖАНДАНА ТҮСТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖАНДАНА ТҮСТІ


Өңір басшысы Қ.Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін аймақтағы балабақшалардың саны 2013 жылдан бастап 2 есеге артқанын тілге тиек етті. 
"2013 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін балабақшалар саны 2 есеге артып, 71%-ды құрады. Осылайша, біз қаржыны қайта қарастырып, артылған қаражатты басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмсаймыз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бүгінде түрлі салалар бойынша 34 млрд. теңгеден астам қаржыға 75 жоба жүзеге асырылуда", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев. 
Сонымен қатар, Қызылорда облысында 2015 жылы облыс әкімдігі мен "Назарбаев зияткерлік мектебі" арасында орта білім беру саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Меморандум аясында 46 инновациялық мектепке екі негізгі міндет жүктелді: лицейлер мен гимназиялар желісін кеңейту арқылы НЗМ-нің озық тәжірибесін тарату және лицей сыныптарында, оның ішінде жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы жекелеген пәндерді ағылшын тілінде тереңдетіп оқыту.
Ағымдағы оқу жылында облыстың 46 инновациялық мектебі биология, химия, информатика, физика пәндері бойынша ағылшын тілінде пилоттық оқуға кірісті. Бұдан басқа, НЗМ тәжірибесін тарату шеңберінде 104 мектепте элективті курстар есебінен осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді.
Айта кететіні, Сыр өңіріндегі мұндай жүйелі жұмыста Жаңақорған ауданының өзіндік үлесі бар. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік аясында балабақшалар көптеп ашылды. Облыстағы ең көп балабақша біздің ауданда. Сондай-ақ, бағдарламаның игілігі денсаулық сақтау және спорт саласына да тиді.
05 қараша 2018 ж. 1 139 0