№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТСЫЗ ТАТУЛАСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

СОТСЫЗ ТАТУЛАСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

   «Бітімге келмей дау бітпес», демекші, Қазақстанда қаншама адам соттың әуресімен жүр. Азаматтық істердің артуы сот қызметкерлерінің де жүгін көбейткені рас. Сондықтан құзырлы мекеме «Татуласу-сотқа дейін, сотта» атты жобаны қолға алды.

  Ол бойынша ұсақ дау-дамайларды медиация тәртібімен шешуге басымдық берілді. Жаңақорғанда осы мәселеленің жай-жапсары талқыланып, түрлі меке­мелерде, кент және ауылдық округ тұрғындарымен аудандық сот судья­лары мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен түрлі жиындар өткізіліп келеді.
  Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, бұрын дауларды билер шешетін еді. Нәти­жесінде, екі жақтың татуласуымен аяқталатын. Ал, қазір мұндай істі ше­шу қызметі медиаторларға жүктелді. Яғни, медиация – ағайын арасындағы татулықты сақтау кепілі. Бұндай әдіспен жер, тұрғын үй т.б әлеуметтік салаға қатысты істерді соттаспай-ақ шешуге болады.
  Елбасы дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жал­ғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойын­ша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, ҚР Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылды. Оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді.
Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлейменнің айтуынша, «Сот­сыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызыл­орда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған. Осы орайда Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастырумен «Татуласу» орталығы Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №110 мекен жайда ашылды. Дауды сотқа дейінгі реттеу және татуласу рәсімдері орталығы аудандық соттың ғимаратында «Ха­лыққа құқықтық қызмет көрсету бұры­шы» ашылды.
  Бұл бөлмеде кәсіпқой медиаторлар келген азаматтарға барлық санаттағы (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құ­қық бұзушылықтар бойынша, еңбек және отбасылық) даулары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтық көмек көрсетеді. Аудандық соттың ғимаратының ішінен ашылған халыққа құқықтық қызмет көрсету бұры­шында 2018 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысты жалпы 995 адам жүгінсе, қазіргі таңда 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 229 тарап жүгінген. Бұл мәліметтердің есебі жүгінген азаматтар жөнінде ақпаратты сотпен арнайы ашылған жур­налға күнделікті тіркеу арқылы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – Татуласу: сотқа дейін, сотта жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру.
  «Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың іс-әрекеттері туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз шешуге бағытталған, туын­даған жанжалды реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Бітімгерлік рәсімдерді дамыту - бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
«Татуласу орталығында азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, парти­сипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артық­шылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады. Халықтың осал топтарына орталық тегін қызмет көр­сетеді.
Татуласу орталығының ашылуы дау­ларды сотқа дейінгі реттеу институтын және татуласу рәсімдерін дамытуға, сот органдарына жүктемені төмендетуге, мемлекет пен тараптардың дауларын шешудегі шығындарын азайтуға үлкен серпін береді.

Мақсат ДӘРІҚҰЛОВ.
02 сәуір 2019 ж. 1 198 0