№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сотсыз татуласудың тиімді тәсілдері

Сотсыз татуласудың тиімді тәсілдері

Бітімге келмей дау бітпес елімізде қаншама адам соттың әуресімен жүр. Азаматтық істердің артуы сот қызметкерлерінің де жүгін көбейткен. Сондықтан құзырлы орган «Татуласу-сотқа дейін, сотта» атты жобаны қолға алды. Ол бойынша ұсақ дау-дамайларды медиация тәртібімен шешуге басымдық берілді. Жаңақорғанда осы мәселеленің жай жапсары талқыланып, түрлі мекемелерде, кент және ауылдық округ тұрғындарымен аудандық сот судьялары мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен түрлі жиындар өткізіліп келеді.

Жалпы тарихқа көз жүгіртсек бұрын дауларды билер шешетін оның көбі екі жақтың татуласуымен аяқталатын яғни, ұлтымыз бұл әдісті бұрыннан қолданылған қазіргі таңда бұл әдіс медиация деп аталып жүр. Медиация ағайын арасындағы татулықты сақтау кепілі. Бұндай әдіспен жер, тұрғын үй т.б әлеуметтік салаға қатысты істерді соттаспай-ақ шешуге болады. Осы орайда Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастырумен 19 наурыз 2018 жылы «Татуласу» орталығы» Жаңақорған кенті М.Көкенов көшесі №110 мекен жайда ашылды, яғни дауды сотқа дейінгі реттеу және татуласу рәсімдері орталығы ашылған болатын және де дауларды соттан тыс шешу мақсатында аудандық соттың ғимаратының ішінен  «Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы» ашылды.        
Бұл бөлмеде кәсіпқой медиаторлар (арнайы оқып келген, мамандар), келген азаматтарға барлық санаттағы (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, еңбек және отбасылық) даулары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқықтық көмек көрсетеді. Аудандық соттың ғимаратының ішінен ашылған халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышында 2018 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысты жалпы 995 адам жүгінсе, қазыргі таңда 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 229 тарап жүгінген. Бұл мәліметтердің есебі жүгінген азаматтар жөнінде ақпаратты сотпен арнайы ашылған журналға күнделікті тіркеу арқылы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – Татуласу: сотқа дейін, сотта  жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты - халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру.
Жалпыға белгілі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді.
Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлейменнің айтуынша, «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған. Бұл бастаманың еліміз үшін маңызы зор, өйткені қазіргі таңда болмашы дауды көптеген жылдар бойы шешілмей, қып-қызыл шығынға ұшырайтын жағдайлар жиілеп барады.
«Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың іс-әрекеттері туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз шешуге бағытталған, туындаған жанжалды реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Бітімгерлік рәсімдерді дамыту - бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету  қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
«Татуласу орталығында азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады. Халықтың осал топтарына орталық тегін қызмет көрсетеді.
Татуласу орталығының ашылуы дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын және татуласу рәсімдерін дамытуға, сот органдарына жүктемені төмендетуге, мемлекет пен тараптардың дауларын шешудегі шығындарын азайтуға үлкен серпін береді.

М.Ә.Дәріқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
13 наурыз 2019 ж. 1 113 0