№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 29 наурыз 2018 жылы «Сотсыз татуласу және медиация туралы пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің қызметкерлері, аудандық мал дәрігерлік станциясы мекемесінің қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, аудандық аурухана қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің мамандары және аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мамандары қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу  соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар бергендігін, осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы дау-жанжалдың деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауданда «Сотсыз татуласу орталығының» ашылғандығы жайлы айтты.
Халықтың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларын еселеп қысқартуға болатынын, қазіргі таңда бабалардың бітімгершілік жолын жаңғыртуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатқандығын, солардың бірі ретінде даулардың жекелеген санаттары медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны атап өтті.
Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Жоғары сот бастаған жобаның  қоғамдық өмірі үшін маңыздылығы зор екенін атап өтіп, әріптестерін соттан тыс дауларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға шақырды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
04 сәуір 2018 ж. 1 305 0