Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 049

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 079

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 894

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 393

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 601

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 591

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Соттардың жұмысын жеңілдету мүмкін бе?

Соттардың жұмысын жеңілдету мүмкін бе?


"Соттардың жұмысын жеңілдету" мақсатында дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру". Бұл - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырма. Осы бағытта 2015 жылдан бері аудан әкімдігі мен аудандық сот бірлесіп медиацияны (татуласуды) дамыту үшін қарқынды жұмыстар атқаруда. 

Бүгін Сунақата, Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма ауылдық округтерінде медиацияның дамуы жайында жиын өткізілді. Жиынға Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, кәсіби медиатор А.Жәнібеков, Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы А.Ильясов және ауылдық округ әкімдерімен 200 ге жуық ауыл тұрғындары қатысты. Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н. Қосанов медиацияның артықшылықтарына тоқталып, азаматтарды болмашы ұсақ-түйек дауларда медиаторлардың кеңесіне жүгініп, сотсыз-ақ бітімге келудің жолдарын айтты. Бүгінде аудан бойынша 8 кәсіби, 76 кәсіби емес медиаторлар тіркеліп жұмыс жасауда. Жақын арада аудан орталығынан медиаторлар орталығын ашу жоспарланып отыр.
16 наурыз 2018 ж. 837 0