№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында дөңгелек үстел өткізілді

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық соты және «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кентіндегі № 163 орта мектебінің акт залында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева, аудан әкімі Ғ.М.Әміреев, ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі саясат басқармасының өкілі, АІІБ-нің қызметкерлері, «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігіның үйлестірушісі Л.Бақтыбаева, кәсіби медиаторлар, кенттегі мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны аудан әкімі Ғ.Әміреев ашып, баяндама жасау үшін  «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Л.Бақтыбаеваға және кәсіби медиатор О. Ускенбаеваға сөз берді. Олар өз баяндамаларында ең алдымен медиация дегеніміз не, оның тиімді тұсы қайда, кімдер медиатор бола алатынын, медиацияны қарапайым тілмен айтқанда бітімгершілік деп түсінуге болатынын, яғни белгілі бір мәселе бойынша келіспеушілік, дау туындаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс  өзара келісім жағдайында шеше алатындығын, бұл үшін тараптар тағы да өзара келісім бойынша кәсіби немесе кәсіби емес медиаторға жүгіне алатындығын айтып өтіп, аудандық соттың ғимаратында орналасқан халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышына 2018 жылдың 12 айында барлығы 995 тарап жүгінгенін, оның ішінденеке бұзу 24, қылмыстық 33, ал әкімшілік іс бойынша 30 іс қаралып шешімін тапқанын, қалған 908 іс сотқа дейінгі бітімге келумен аяқталғанын және 2019 жылдың І-тоқсанында барлығы 253 тарап жүгінгенін, оның ішінде неке бұзу ісі туралы 4, қылмыстық істер бойынша 19,ал әкімшілік істер бойынша 16 іс шешімін тапқанын, ал қалған 214-і әкімшілік іс кеңес берумен өзара бітімге келу арқылы шешімін тапқанын айтты.
Өз кезегінде Ә.Түбекбаева қорытындылап өз сөзінде медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын, істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі татуласу тиімді екендігін, халықтың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларын еселеп қысқартуға болатынын, қазіргі таңда бабалардың бітімгершілік жолын жаңғыртуда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының тарапынан ауқымды шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын, солардың бірі ретінде даулардың жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаны атап өтіп, аудандық соттың ұйымдастыруымен аудан орталығында «Татуласу орталығы», аудандық соттың ғимаратында орналасқан «Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы» және медиаторлардың кабинеттері ашылып, қызмет атқарып жатқаны туралы тағы да хабардар етіп, сондай-ақ дауды шешудегі басты мақсат кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деген сұрақ емес, керісінше екі жақты ортақ мәмілеге келтіру екенін, ежелгі билеріміздіңде мақсаты екі жақты тартуластыру болғанын тілге тиек етіп, дауды шешудің баламалы әдісі ретінде билер кеңесін құру мәселесін де айтып өтті.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
26 наурыз 2019 ж. 997 0