№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында «Медиация-дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, кәсіби медиаторлар қатысты.
Аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Б.Елшібеков дөңгелек үстелді ашып, қазақ халқы үшін бітімгершілік-билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез-келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі екенін, сондықтан да медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес екенін, халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екенін айтып өтіп, аудындық соттың 2018 жылдың І жартыжылдығында 6 қылмыстық іс, 17 азаматтық іс және 30 әкімшілік іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылғанын айтып өтті.
Шара соңында Б.Елшібеков «Медиация туралы» Заңының қолданысқа енгізілгеніне жеті жыл толуына орай, осы Заңның жүзеге асырылуына белсенділік танытып, тараптарды бітімгершілікке келтіруде аудан халқының бірлігі мен таулығын қалыптастыруда өзіндік үлесін қосқаны үшін кәсіби медиатор А.баймұратовты алғыс хатпен марапаттап және алдағы уақытта да осындай елге көрсеткен өнегелі еңбектері мен көріне беруіне тілектестік білдіріп және медиация саласындағы жұмысына жетістік тіледі.
        
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 тамыз 2018 ж. 1 012 0