№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19 қыркүйекте аудандық қазынашылық және мемлекеттік кірістер басқармаларының мәжіліс залында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында мекеме ұжымдарымен кездесу өткізілді.

Бұл кездесу «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жоба аясында аудандық сотпен 2018 жылдың ІІ-жартыжылдығына құрылған арнайы жұмыс жоспарын орындау мақсатында өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, кәсіби медиатор А.Баймұратов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төраға орынбасары М.Балқожаев, аталған басқарма басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов кездесуге келген мекеме қызметкерлеріне медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтары, дауларды реттеу баламалары, сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету мүмкіндіктері туралы атап айтты.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар аудандық соттың ұйымдастыруымен аудан орталығында «Татуласу орталығы», «Халыққа қызмет көрсету бұрышы» және медиаторлардың кабинеттері ашылып, қызмет атқарып жатқаны туралы тағы да хабардар етті.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері медиаторлардың тәжірибесіне қызығушылық танытып, бас қосу соңында қатысушылар медиация бүгінде көпшілік қолдауына ие екенін, өйткені сотқа дейінгі келіспеушілікті реттейтін бұл тәсіл бүгінде елдің бірлігін нықтау жолында да сенімді бастама болып отырғандығын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен дауды соттан тыс шешу бағытындағы жүргізіліп жатқан реформаларды, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтындықтарын білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
26 қыркүйек 2018 ж. 1 076 0