№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАУРЫЗ – тіршіліктің бастауы

НАУРЫЗ – тіршіліктің бастауы

  Наурыз – пейілдің кеңейіп, мейірімнің молаятын, өз-өзімізге есеп беретін рухани жаңғыру айы. Наурыз нышандары көшпелі қазақтың күнделікті тұрмыс салтына еніп кеткен.

   Ежелгі түркілер Наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні отты алаулатып жағып, Жаңа күнді жарықпен қарсы алған. Ондағы мағына барлық жамандық атаулы, пәле-жала ескі жылмен қалсын деген ниетпен өздерін аластау. Ежелгі шығыста Наурызды қарсы алуда қолданылған бұл дәстүрді дінге қайшы деген пікірлер де бар. Бірақ белгілі этнограф, ғалым Жағда Бабалық Наурыз мерекесінің ешқандай отқа табынуға, құлдыққа қатысы жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. Әдебиетші ғалымдар мен өнертанушылар да бұл мейрамды қазақ халқы ислам дінін қабылдамастан бұрын тойлағанын айтады. Олардың пікірінше, Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке!
Көк майса көктем келбеті,
Өзгеріп өңір, жер беті.
Адамзат, бейне көрінер,
Кеткендей қыспен бар дерті!
24 наурыз 2019 ж. 1 174 0