№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Нұрайда өткен нұрлы күн

Нұрайда өткен нұрлы күн


«Нұрай Қыдыр» балабақшасы жыл сайын Наурыз мерекесін ерекше нақышпен қарсы алуды дәстүрге айналдырып келеді.
Меңгерушісі Мінураов Мұрат: «Қазақтың ұлттық рухын асқақтатын мерекеге ерекше дайындық жасаймыз. Себебі, тәрбиешілердің жоспарынан түспейтін мереке жылына бір рет қана тойланады», – деді. «Шашу» әнімен басталған шарада ұлттық салт дәстүрлер мен ойындар ойнатылды. Мерекеде балалар бар өнерін көрсетті. Тіршіліктің бастауы болған Наурыздың мәнін ашатын жәндіктер де көрініс тапты. «Тойға көктем де келді» деп аталатын көріністе көбелек, құмырысқа, қарлығаш секілді тіршілік иелері бейнесіндегі бүлдіршіндер көпшіліктің назарын аударды. Кеште Гүлдана Сейдеметқызы мен Шәркүл Құтыбаева алғауыз тілегін жеткізді.

Нұргүл Нұрланқызы.
11 сәуір 2018 ж. 1 544 0