№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Балалық шақ, зорлық-зомбылықсыз»

«Балалық шақ, зорлық-зомбылықсыз»


Мектебімізде оқушыларды Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық, зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесіне баулу барысында 7б сыныбында «Балалық шақ, зорлық-зомбылықсыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.

Сынып жетекшісі мектебіміздің әлеуметтік педагогі Ш.ӘшімбековАта-аналар, учаскелік полиция инспекторы қатысты. Ұйымдастыру бөлімінде оқушылар шеңбер құрып «Бейбіт елдің бақытты баласы-мен», «Бақытты елдің болашағы-сен», «Қазақстанның жарқын болашағын жасаушы-біз»  деген ұранды сөздермен бастап, «Құқық», «Әділет», «Заң» атты үш топқа бөлінді.
Мұғалім видео-ролик арқылы БҰҰ –ның бала құқығы туралы заңдарын Қ.Р-ның бала құқықтары туралы конвенциясының құрылған күндерін оның негізгі міндеттерін Елбасының жастарға көңіл бөлетіні туралы сөздерін көрсетті. Осы тақырыптарда үш топқа сұрақтар қойылды. Әр оқушының балалық шақ, зорлық –зомбылық, досымен қандай қарым-қатынаста болуы туралы ойлары тыңдалды.Әр топқа тапсырма берілді. «Әділет » тобы «Зорлық деген не?» «Құқық» тобы «Сен өз құқығынды білесің бе?», «Заң» тобы «Біз бақытты болашақпыз?» сұрақтарына берілген уақытта постер қорғап, әр топ нақты жауаптарын топ құрамымен шеше білді.
Сергіту сәтінде қыздар тобы «Аққу» биіне билесе, ұлдар тобы «Қара жорға» биін сомдады.Осыдан кейін әр топ «Бақытты балалық шақ » тақырыбында әдеби- монтаж көрсетті. Өздерінің балалық бал дәурен дерін бейбіт өмірде өткізіп жатқаны туралы ойларын ашық жеткізе білді. Биылғы жылды елбасының «Жастар жылы» деп жариялағанын,әлі де болса мемлекет жастарға көңіл бөлуді ұлғайтатынын келтірді. Ол үшін бізде тәртіпті, білімді болуымыз керек деп сөздерін қорытты.
Мұғалім статистикалық мәліметке сүйене отырып, елімізде жыл сайын 500 –дей отбасы зорлық-зомбылықтын құрбаны болатынын атап өтті.Әр бала өзінің  Ата-анасын сыйлап,айтқандарын дұрыс орындап жүрсе, әрбір Ата-ана отбасында өнегелі тәрбие беріп отырса, бұндай жағдайларға жол берілмейтінін келген Ата-аналарға ұғындырып өтті.Қорытынды бөлімде «Балалық шақ зорлық-зомбылықсыз болу үшін не істеуіміз керек?» деген сұраққа «Әділет тобы» Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту керек, достықта болу керек  деп жауап берсе, «Құқық тобы» Аяушылық таныту керек, қайырымдылық көрсету, құрметтей білу керек екенін атады, «Заң тобы» Әрбір адам ең бірінші өз құқығын білу керек екенін, өзінің де төзімді, шыдамды,білімді болу керек екенін атады. Оқушы Әліп Гүлбақыт «Бақытты балалық шақ» атты өз туындысын оқыды. Келешек ұрпағымызды құқықтық зияткерлік тәрбиеге баули берсек олардан үлкен азаматтар шығатыны күмәнсіз. 

А.Бижикеев,
А.Әділов атындағы  №86 жалпы орта мектебінің тәрбие ісі орынбасары.
01 наурыз 2019 ж. 2 157 0