№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Туған жерге тағзым ету – парызың»

«Туған жерге тағзым ету – парызың»

Жасөспірімдердің бойына елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру барысында  Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер»бағытында 2 "ә" сыныбында«Туған жерге тағзым ету парызың» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.

Сынып жетекшісі жоғары санатты балалардың жүрегінен орын таба білетін ұстаз Айман Ибраева. Сабақтың негізгі мақсаты жас жеткіншіктерге ең бірінші өзінің туған жері туралы жан-жақты мәлімет беру болатын. Ұйымдастыру кезеңінде «Туған жер» туралы ән тыңдалды.  Мұғалім қазаққа тән екі шумақ өзінің ақындық сарынымен шығарған өлеңін оқып,Қазақстан деген тәуелсіз Ұлы даланың төсінде тұратынын атап,облыс,аудан, өзіміздің туған жеріміз «Шалқия кенті » туралы слайд арқылы жан-жақты ұғындырып сабақ тақырыбын ашты. Негізгі бөлімінде поэзия минутына беріп оқушылар туған өлке туралы шумақтарын айтып,балалар әні «тұлпар»орындалды. Мұғалім картадан Қызылорда облысын, Жаңақорған ауданын  оның ішінде Шалқия кентінің орналасқан жерін көрсетіп, таулы аймақта арналасқанын атады. Бізде нешетүрлі дәрілік шөптер бар екенін қасиетті бұлақтар бар екенін атады. Ұлы даланың жеті қырындағы қызғалдақтың бізде төрт түрі өсетінін көрсетті. Біздің негізгі байлығымыз қорғасын мен мырыш заводы жұмыс істейтінін,жер асты байлығымыз шақтамыз бар екенін слайд арқылы көрсетті. Осы өндірістің ашылуына мектебімізге аты берілген қоғам қайраткері,тұңғыш тау-кен генералы атағын алған осы жерде туылған Ахмет Әділов аталары жайлы жан-жақты түсіндірме берді. Әке мен бала көрінісін көрсетті. Өзінің туған жері туралы әкесі баласына ақылын айтады. Өскен жердің әрбір жері тіпті түтіні де ыстық екеніне көз жеткізеді. Туған жерге туын тіккен Азаматтар Дүйсенхан Сыздықов балалар ақыны Адырбек Сопыбеков, Бексұлтан Байкенжеев тағы сол сияқты азаматтардың суреттерімен таныстырды.
Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековті арнайы таныстырды. Сергіту сәтінде «Мен Қазақпын» биі орындалды. Қорытынды бөлімді өзінің жұрегінен шыққан Туған жер шумақтарын оқыған А.Ибраева жас жеткіншектерге жас айырмашылығына байланысты, тебірене ұғындыра білді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші Айман апайымыздың үлгілі сабағына барлық сынып жетекшілері оң бағасын бере білді. Айман апайға алдағы уақытта жас жеткіншектерді Қазақстанның елжанды азаматтары болып тәрбиелі, білімді, иманды етіп өсіруіне тілектестігімізді білдіреміз.

А.Бижикеев,
А.Әділов атындағы №86 жалпы орта мектебінің  тәрбие-ісі орынбасары.
11 ақпан 2019 ж. 1 523 0