№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС

АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС


Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондардың өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Шарада кітапхана қызметкерлері дайындаған шешен, неміс ұлты туралы бейнеролик көрсетілді. Одан кейін аудандық кітапханада бірнеше жыл еңбек етіп, өздерінің кейінгі жастарға үлгі, өнеге болған, «Еңбек – бейнет емес, зейнет» демекші, бүгінгі таңда еткен еңбегінің зейнетіне кенеліп отырған ардагер Асан Әбиев пен Анар Дүйсеноваға сый-сыяпат жасалды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, Қазақстан мәдениет қайраткері Зәуреш Шоманова, аудандық кітапхананың басшысы Әсем Тілеубергенова ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайтынын тілге тиек етіп, бір-біріне алғыс білдірді.
Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты. Әнші Лаура Андрисян әсем әндерден шашу шашып, №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп оқушылары түрік биін билеп, өлең оқып, қонақтар жылы шыраймен тарасты.

Жұпар ШӘЙМЕРДЕНОВА.
03 наурыз 2018 ж. 1 254 0