Соңғы жаңалықтар

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС

АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС


Бүгін Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған жиын өтті.

Басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық орталық кітіапхананың директоры Әсем Тілеубергенова, емдеу және алдын-алу ұйымдарының басшылары мен бір топ сала қызметкерлері, емделушілер қатысты. Алқалы жиынға модераторлық еткен ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақов Жолдаудың негізгі басым бағыттарына тоқталып, ұлт саулығын нығайту жолындағы қойылып отырған маңызды міндеттерді жеткізді.
Одан соң, сөз алған Мәжит Балқожаев Елбасы Жолдауы бойынша ойын ортаға салып, көпшілікке «Алғыс айту» күніне орай шынайы алғысын жеткізді. Аудандық орталық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова «Цифрлы Қазақстан» бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кітапхананың тұрақты оқырманы аурухана психологы Г.Сарбасова мен мейірбике М.Сүлейменоваларға «Алғыс хат» табыс етті. Шара барысында аудан ардагері Ә.Әйтілеуов, аналар атынан Л.Сюпкова және жас ана Ж.Момынханова денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне алғысын білдірді.
01 наурыз 2018 ж. 1 595 0