№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІІМ: Қазақстанда 2018 жылы 38 мың ұялы телефон ұрланған

ІІМ: Қазақстанда 2018 жылы 38 мың ұялы телефон ұрланған


Ағымдағы жылы елімізде 38 мыңнан астам ұялы телефон қолды болған. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті басқармасының басшысы Нұржан Рахметуллаев мәлімдеді дейді zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өзгенің мүлкін ұрлау – өршіп тұрған қылмыстың бірі болып отыр. Соның ішінде, ұялы телефон ұрлығы үлкен проблема. Себебі, оны ұрлау да оңай, сату да оңай. Сонымен қатар, тіркелмеген мұндай телефондар қылмыс жасау кезінде қолданылып келеді. Яғни, тіркелмеген телефонға тіркелмеген сим-картаны салып, оны қажетінше пайдаланған соң, лақтыра салады. Бұл бірреттік телефондар», - деді ІІМ өкілі.
Сонымен қатар ол, қазір базар немесе қала көшелерінде сим-карта сатушылары қаптап тұрғанын атап өтті.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл заң күшіне енген соң, біз ұялы телефон ұрлығы деген проблемадан аулақ боламыз. Бұл жүйе біздің жұмысымызды едәуір жеңілдететін болады. Осы жылдың өзінде 38 мыңнан астам ұялы телефон ұрланып, оның ішінде, 13 мың телефон ғана есептен шығарылды», - деді Рахметуллаев.
27 желтоқсан 2018 ж. 1 141 0