БҮГІНГІНІҢ ЖАСТАРЫ КІМДІ ҮЛГІ ТҰТАДЫ?
«Ешкімді. Мен біреуді емес, біреулер мені үлгі тұтатындай адам болам». Бұл кенттегі мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысының жазғаны. Түсінікті болу үшін бәрін басынан тарқатсақ.
Жақында аудандағы 300 жасқа әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сұрақ мынадай: «Кімді үлгі тұтасың?». 14-17 жас аралығындағы жеткіншектердің барлығы да ақ қағазға кімді идеал тұтатынын, не үшін үлгі тұтатынын жасырмай жазды. Әрбіріне көңіл бөліп, толық оқып шықтым. Бір қызығы, 300 парақтың ішіндегі тілімдей қағазға жазылған интернат оқушысы М.Ілесбайдың жазбасы өзіне назар аудартты. Жоғарыда аталғандай, ол ешкімді үлгі тұтпайтынын, керісінше өзгелер оны үлгі тұтарлықтай тұлға болатынын кесіп айтқан. Сол мезетте жазбаны аудандық емхананың психолог маманы Гүлзипа Сарбасоваға оқыттым. Маман ретінде пікірін сұрадым. Ол бүй деді: «Бұл бала өзіне өте сенімді. Болашағына жасаған жоспары мен көздеген мақсаты бар. Өзін құрметтейтін жан. Өмірде өз орнын табу үшін күресе білетін қайсар мінезді талапшыл бала екен». Білікті психолог осылай деді.
Хош. Тақырыпқа ойыссақ. Бүгінгідей нарықтық заманда жалынды жастардың идеалы бар ма? Бар болса, олар кімдер? Шыны керек, қазіргі орта буын кезінде ұлт ұстаздары мен ұлт зиялыларын идеал тұтты. Оның ішінде; ақын мен жазушысы, мемлекет қайраткері мен өз саласының үздігі бар. Ал, Тәуелсіз елдің жастары кімді үлгі тұтады? Жасыратыны жоқ, қазіргі жеткіншектердің идеалы бұрынғыдай мұғалім, ғалым, ұшқыш боламын деген деңгейден өтіп кеткен. Жастардың өмірлік мақсаты бөлек. Бір сөзбен, айтқанда нарықтық экономика басталғалы бизнес ашып, бай-дәулетті болу жас буынның идеалына айналғандай. Оны әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында білдік. Мәселен, сауалнамаға қатысқан жоғары сынып оқушыларының мақсаты айқын. Анонимді болсын деді мекен әйтеуір есімдерін жазуды қалыс қалдырыпты.
«Мен өзіме қытайлық бизнесмен Джек Маны үлгі тұтамын. Себебі, оның еңбек етуге деген құлшынысы кез келген адамды өзіне баурап алады. Жастайынан қиыншылық көріп өскен. Оның осындай биікке жетуіне ішкі сенімі жетеледі. Оны үлгі тұтарлық қасиеттеріне тоқталар болсам, ол Қытайдағы ең бай адам. Бірақ өте қарапайым. Сондықтанда келешекте менде Джек Ма секілді еңбекқор болғым келеді».
«Мен «Бизнес-Бастау» мектебінің негізін қалаушы, мотиватор Ахметбек Нұрсиланы үлгі тұтамын. Өйткені, ол жастарға кәсіп ашып, іс бастаудың қыр-сырын үйретеді. Интернеттен ол кісінің бейнероликтерін көріп, өмірге деген көзқарасым өзгеріп келеді. Болашақта өзімде жеке бизнес ашқым келеді».
«Ең бірінші менің ойыма түскені – Билл Гейтс. Ол – Майкрасофт компаниясының негізін қалаған. Билл Гейтсті үлгі тұтатын себебім, оның қарапайымдылығын қадір тұтам. Әлемдегі ең бай адам болса да, өте қарапайым адам. Жақында ғана, желіден оның АҚШ-та гамбургер сататын дүкен алдында кезекте тұрғаны жайлы оқыдым. Ал, басқа танымал адамдар ең қымбат мейрамханаларда тамақтанатыны жасырын емес. Сондықтанда маған Билл Гейтстің қарапайымдылығы ұнайды».
«СӨЗ ЖАЛЫҚТЫРАДЫ, ҮЛГІ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ»
Тізімді тізбектей берсек, мұндай мәтіндегі үлгі тұтарлық тұлғалар қатарында: Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, Зейнеп Ахметова, Фариза Оңғарсынова сынды ақын-жазушылар бар. Ал, шетелден әлемге әйгілі архитектор Норман Фостер, әнші Анджелина Джоли, танымал футболшы Лионель Месси, ғалым Стивен Хокинг, отандық әнші Димаш Құдайбергенов, Геннадий Головкинді пір тұтамын дейтін шәкірттер де табылды. Десе де, сауалнамаға қатысқан оқушылардың 70 проценті өздерінің ата-аналарын үлгі ететінін жазған. Шынында, «бала – ата-ананың айнасы». Баланың қандай тәлім алуы, белгілі бір бағыты таңдауы, ата-анаға байланысты. Өсе келе, өздері шешім қабылдайтын кезден бастап идеалдары пайда бола бастайды. Ал, қалған 20 проценті ағасын, әпкесін, ұстазын тағысын тағы.
Бұл жөнінде біз Жаңарық ауылындағы білікті психолог Ардақ Камакованың пікірін тыңдадық.
«Менің ойымша, ертеректе әрбір адам өзінің анасын, әкесін, ағасын, әпкесін, ұстазын идеал санады өзіне. Әсіресе, әдеби шығармалардағы образдарды жақын тұтса, қазір шетелдік кино-өнер жұлдыздарын, шетел спорт майталмандарын идеал тұтатындар жиі кездеседі. Десе де, сараптамаға сүйенсек, әлі де болса қыздар мен ұлдар аналарына, әжелеріне, ағаларына ұқсағысы келетіні жетерлік. Сондықтанда «идеал тұту» деген түсінік жойылып бара жатқан, керісінше жаңа мазмұнға, жаңа мәнге ие болып отыр», – дейді психолог.
Иә, әр заманның өз батырлары, өнеге тұтар тұлғалары болады. Ертеректе бала оқытушы – ұстаздар болса, кейін келе, қазіргі ақыл-кеңесіне жүгініп жүрген аға буын кеңестік дәуірде суретшілер, жазушылар, ғалымдар мен еңбек адамдарын идеал етті. Ал, бүгінгі өскелең ұрпақтың көрген-баққаны теледидар мен телефондағы «жұлдызсымақтар» екені жасырын емес. Кішкентай балақайдан: «Өскенде кім боласың?» десең, «Қайрат Нұртас не Төреғали секілді әнші боламын» деп жауап қатады. Яғни, көгілдір экран арқылы кім жиі насихатталса, бүгінгі ұрпақ соларға қарай бой түзейді. Елубай Смағұлов ағамыз айтпақшы: «Ел боламын десең, экраныңды түзе» дейтін заман жетті.
ТҮЙІН. Тақырыпты Тәуелсіз елдің жастары кімді үлгі тұтады деп бастадық. Енді осы сұраққа мемлекеттің бұл бағытта жүргізіп отырған саясатын сөз етсек. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өзінің идеологиялық маңызымен құнды. Соның ішінде; «100 жаңа есім» жобасының орны айрықша. Бұл жүз есім дегеніміз – жүз тағдыр, жүз адам, жүз пікір, жүз идея. Біріне бірі ұқсамайды. Бірінен-бірі өткен үлгі ғұмыр. Елдегі мыңдаған үздік, ерекше, халықшыл, патриот жандардың арасынан суырылып шыққан көшбасшылары. Расында Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына елеулі үлесін қосып, адамдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін һәм олардың өмір тарихын өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат еткен жобаның жүгі жеңіл емес. Креативті жандардың үздік көшбасшысы қатарында мәдениет, спорт, кәсіпкерлік, ғылым саласының саңлақтары бар. Ендігі мақсат, сол «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары жас буынға үлгі бола білсе, бүгінгі жастар шетелдік танымал тұлғаларға емес, өзіміздің отандық қайраткерлерге ұқсағысы келетіні айқын.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.