№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күланда Рысова көтеріліп отырған мәселенің актуальдылығына тоқталды

Күланда Рысова көтеріліп отырған мәселенің актуальдылығына тоқталды

   Технология қарыштап дамыған сайын, оған тәуелділік те қалыптасып келеді. Осы ретте, «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу дәстүрі қалыптасты. Мұндағы басты мақсат – мектеп, ата-ана және бала арасындағы байланысты нығайту.


  Сондай семинар Түгіскен ауылындағы №209 Әнуар Әбутәліпов атындағы мектепте ұйымдастырылды. Мектеп психологы Алма Қалдарбекованың ұйымдастыруымен жоғарғы сыныптарда өткен жиынға ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Семинарда алғы сөз алған мектеп директоры Қасым Әбутәліпов:
– Жеке адамды рухани-мәдени жетілдіру өте күрделі және диалектикалық процесс. Баланың адамгершілік, адалдық, белсенділік, жауапкершілік және т.б қасиеттерін дамытуда ата-ананың бағыт-бағдары ортасының әсері, мұғалімнің тәлім тәрбиесі үйлесімді болғаны абзал... – деді.
Келесі кезекте сөз алған Күланда Рысова көтеріліп отырған мәселенің актуальдылығына тоқталды:
– Отбасында, мектеп қабырғасында дұрыс ұйымдастырылған адамгершілік тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет етуді, оның алдағы өмірде «жағымды кейіпкер» болуын қамтамасыз етеді. Қазір кейбір ата-аналардың жауапкершілікті мектепке ысырып тастап, ұстаздарды кінәлау дағдысы қалыптасты. Бұл баланың психологиялық даму ерекшеліктеріне кері әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп пен ата-ана байланысын нығайта беруіміз керек, – деді.
Мұнан соң сөз алған ауыл имамы Тайыржан Сайфназаров жастар арасындағы психологиялық ахуалдың тұрақсыздығына көп жағдайда балаға отбасында толық көңіл бөлінбейтіндігімен дәйектеді. Екіншіден, жастар арасына өзге діни ұғымдар мен бағдарламалардың енуіне қалта телефондарының рөлі күшті екенедігін, соған орай олармен көбірек сөйлесіп олардың өзге діни ағымдардың ықпалында кетпеулеріне ықпал етуді атап көрсетті.
Семинар барысы сұрақ-жауаппен алмасты. Жастар өздерін толғандырып жүрген көптеген мәселелерді ортаға салды. Еркін пікір алмасу жағдайында өткен семинарда Алма Қалдарбекова отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы, – деп түйіндеді.
19 қараша 2018 ж. 1 206 0