Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҮЙІҢІЗГЕ МӘДИНА САДУАҚАСОВА КЕЛСЕ ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗ!

ҮЙІҢІЗГЕ МӘДИНА САДУАҚАСОВА КЕЛСЕ ТАҢ ҚАЛМАҢЫЗ!


Мәдина Сәдуақасова үйіңізге кіріп барса, таңғалмаңыз! Себебі әнші қалаңызға гастрөлдетіп барған кезде кез келген үйге қонақ болып баруы мүмкін. Ақкөңіл Мәдина бұл қылығын дәстүрге айналдырмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау өңіріне сапарлап барған әнші құрылысы бітпеген үйге кіріп, үй иелерін таңғалдырған. Қызықты хикаясын Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында баяндады.
“Маңғыстау облысы, Шетпе кенті… Осы жерге келісімен көзіме түскен бір шаңыраққа нан ауыз тиюге кіріп шықтым. Иелері аң таң. Стройка жүріп жатыр екен, соған қарамастан үйге кіріңіз, ет асамыз деп, апыл ғұпыл боп жатты. Қонақжайлы қазағым-ай. Жаңаөзендіктер, ертең Сіздерге, күтіңіздер”, – деп жазды ол.
Бұдан бөлек, әнші бұл қылығын дәстүрге айналдыратынын жеткізді.
“Күшті екен. Дәстүрге айналдырамын. Үйлеріңізге Мәдина Сәдуақасова келіп жатса таңғалмаңыздар”, – деді ол.
Желі оқырмандары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. Көпшілік “өзгелер де сенен үлгі алса” деп ақ тілегін жеткізді.
12 сәуір 2018 ж. 3 083 0