№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТОЙ БӘСЕКЕ АЛАҢЫ БОЛМАСЫН

ТОЙ БӘСЕКЕ АЛАҢЫ БОЛМАСЫН


Құдайға шүкір, аспанымыз ашық, туымыз биік, жеріміз тыныш, еліміз ауқатты. Берекелі елде той да көбейді ме? Той болғанда қандай? Тойдың түр-түрі көбейді. Бәрі дұрыс. Бірақ, аудандық төл басылымда ел ағалары көтергендей ысырапқорлыққа жол беріп, бәсекелесетін болдық.

Қарызданып той жасаймыз, қарызданып құда шақырамыз. Жас та, кәрі де туған күн тойлаймыз. Қазір жастар той алдында қаз-қатар созылған қымбат көліктермен серуенге шығуды сәнге айналдырды. Бекер мал шашпақтың керегі не? Одан да сол қаржыға жетім-жесір, жоқ-жетікке көмек көрсетіп, сауапты іс жасасақ қайтеді? Қайбір жолы газетте мұндай қадамға барған жастарды жазған еді. Яғни, жас жұбайлар көлік серуенінен бас тартып, қаржысына тұрмысы тұралаған отбасыларға азық-түлік өнімін үлестірді. Міне, осындай үлгі аларлық бастамаларды насихаттап, жастардың санасына сауапты істің артықшылығын түсіндіру керек секілді.
Той – әдептіліктің мәдениеттіліктің ордасы, жастарға тәрбие беретін жер. Сондықтан асабалардың мәдениетін көтеру қажет. Бір тойда келінді тұрғызып қойып, екі құдағиды «келінге кім бұрын жетсе, алғашқы немеренің атын сол қояды» деп жарыстарғанын көрдім. Содан екі ана ентіге жүгіріп, жұртқа келеке-мазақ болды. Неткен әдепсіздік? Ұят тірлік емес пе?
Өткен жылы Шиелі ауданына тойға бардық. Сонда келінді тойханаға «лимузинмен» кіргізді. Бұл не астамшылық? Жас келін қайқайып түсіп, келе жатыр. Ал тойшыл халық орнынан тұрып, патшайымды қарсы алғандай қол соғып, қарсы алды.
Оған қоса, бұрындары той сенбі, жексенбі күндері өтетін. Асабасы жоқ тойларға барып, ағайын-туыс, құда-жекжатты көріп, дидарласып, сырласып, рухани дем алып қайтатынбыз.
Мен Дәрібай Айдарбеков пен Мұзарап Махмұтұлы төл басылымда көтергендей, той тура шақыру билетінде көрсетілген уақытта басталуы тиіс деймін. Сонымен қатар, бақырып-шақырған қатты музыканың орнына күйлер мен термелер орындалса қандай жақсы болар еді.
Осындай игілікті жұмыстарды реттеуде партия, қоғамдық кеңес пен аудандық ардагерлер ұйымы бірлесе арнайы топ құрып, той өткізу жайлы тұжырымдама жасап, тойды ата-бабамыздың салт-санасы мен әдет-дәстүріне сай жаңғыртудың жайын ойламаса болмас.
Бір сөзбен айтқанда, тойларымызда ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін қастерлеп, би-шешендеріміздің ғибратты мұрасын насихаттайтындай болсақ, ұтарымыз көп. Әрі Президенттің бағдарламаларымен сәйкесер еді. Сонда келін тәлімді де тәрбиелі болар еді...

Зада ИСАЕВА,
мәдениет саласының ардагері.

02 ақпан 2019 ж. 944 0