№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ИГІ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ИГІ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ


Аудандық төл басылымның 10 сәуірдегі санында «Байкенжелік жұптың бастамасы» атты мақала жарық көрген болатын. Онда байкенжелік жас отау Мақсат Әлиев пен Гүлдәурен Алшынбай үйлену тойларында көлік серуенінен бас тартып, оның орнына тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық акциясын жасағанын жариялаған болатынбыз. Енді міне, күні кеше қасиетті жұма күні отау тіккен жаңақорғандық Шәкәрім Махамбетұлы мен Мөлдір Ғалымжанқызы осы игі бастаманы жалғастырды. Аудандық мешіт ауласында 100 мың теңгеге қайырымдылық акциясын жасады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 отбасыға азық-түлік өнімін үлестірді. Әрі «Аққұм» ауылындағы жас имам Сүндет Шайхаттаровқа қаржылай қолдау көрсетіп, сауапты іс жасады. Ізгі істі ұйымдастыруға ұйытқы болған аудандық «Жастар ресурстық орталығы» аға маманы Нұрхан Айдаров пен аудандық мешіт ұжымы отбасылардың жиналуын қамтамасыз етті. Өз кезегінде ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров имандылық насихатын өрбітіп, берекелі жұпқа ақ батасын берді.
– Отбасының босағасы берік, шаңырағы биік, мерейі үстем болуы үшін ер мен әйелге өзара сыйластық қажет. Яғни, ер мен әйел айтылғандарға амал етіп, бір-бірінің алдындағы міндеттерін дұрыс атқарса, шаңырақтың түтіні түзу болары айқын. Бабадан келе жатқан құндылық ол ер – үйдің асыраушысы. Отбасын, бала -шағасын адал жолмен бағып, асырау. Жанұясын жалпақ жұртқа жалтақтатпай, жылы шырай танытып, көңіл мен қарындарын тоқ қылу. Ал, әйел–отбасының ұйытқысы. Шаңырақтың шайқалмауында, ұлттың ұлт болуында оның рөлі орасан зор. Сондықтанда осындай қасиетті Шағбан айында жасап жатқан ізгі істеріңіз қабыл болсын!– деді ауданның бас имамы.
Жалпы, жиылғандардың барлығы да дән риза екенін жеткізіп, дәл мұндай істің өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мол екендігін тілге тиек етті.
– Жастарға Алла жар болсын! Мұндай қайырымдылық шаралары арқылы біздерге қолдау көрсеткені үшін алғысым зор. Үбірлі-шүбірлі болып, ата-анасының разылығына бөленуіне тілекшіміз. Қол ұстасып болашаққа басқан әрбір қадамдарына Жаратқанның нұры жаусын! – дейді кент тұрғыны Асия Ахметова.
Сондай-ақ жас жұбайлар мешіт ауласына жас көшеттер отырғызып, имандылық үйінің көгалдандыру жұмысына үлес қосты. Сәтін салса, нағыз той науқаны басталған уақытта жастардың бұл сауапты бастамасы әлі де болса жалғасын табады деген ойдамыз.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
21 сәуір 2018 ж. 1 671 0