№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сұрап алған атақта қайыр бар ма?

Сұрап алған атақта қайыр бар ма?




«Балам, болашағың жарқын болсын. Мақтан сөзге марқайма. Мақтаншақтық адамдығыңды аздырып, берекеңді бездіріп, беделіңді түсіреді. Мақтан құмарлық пен атақ-даңққа әуестік адамды көпшілікке күлкі етеді. Жүрген жеріңде абыройлы болып, көптің разылығын ал! Абаройыңның артқаны – кез-келген атақтан артық». Бұл – абыз ақсақалдың немересіне айтқан өсиеті.

Расында, орынды ақыл-кеңес. Көнекөз қариялар абыройды бірінші орынға қойып, атақ құмарлықтың пендені тура жолдан тайдыратынын жақсы біледі. Жаман қасиетке теңейді. Мәселен, бүгінде әлемнің ғалымдары мен өнертапқыштары таласып, марапаттың биігі санайтын халықаралық «Нобель» сыйлығынан кезінде орыс әдебиетінің классигі Лев Толстой «Көркем шығармаға қаламақы төленсе – әдебиет құритын болды», – деп бас тартса, франциялық философ Жан-Поль Сартр «Жазушы биліктің берген атақ-марапатынан сақ болуы керек», – деп марапат алуға саналы түрде қарсылығын білдірген. Ал, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов «Халық қаһарманы» атағынан бас тартқанын жақсы білеміз. Бұдан ақынның абырой-беделі кеміп қалған жоқ...
Ал, бүгінгі қоғамда қалай? Біздің арамызда атақтан бас тартатындар бар ма? Бұл сауалдың жауабын әрқайсымыз іштей сеземіз...
Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен, жалақысын алып, қызметін атқаратын лауазымдылар азды-көпті еңбегін пұлдап, мадақ-марапат сұрап жатады. Тіпті, сәл ғана мақтап кеп жіберсеңіз титімдей тірлігін телегей теңізге балап, «Ол тірлік менің арқамда бітті. Мен болмағанда ол түкке де татымас еді» – деп, өз-өзінің айбынын асыратындар баршылық. Кейде түрлі деңгейдегі марапаттар мен мадақтарға, төс белгілерге таласатыны несі, осы? Шындап келенде, бір жапырақ қағаз бен дат басатын қара темірдің адам абыройын асырғанын естімеппіз...
Иә, соңғы кездері атаққұмарлық пен марапатқа әуестер жайлы қоғамда аз айтып жүрген жоқ. Тіпті, халық арасында кейбір марапаттарды қып-қызыл ақшаға сатып алады немесе таныс-тамыры мықтылар ғана алады деген түсінік қалыптасқан. Оның айқын дәлелі, 1 250 000 теңге тұратын «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын тарату бизнеске айналғандай. Мәселен, 2018 жылдың қортындысымен эстрада әншілерінің біразы «Қазақстанның Құрметті азаматы» атағын алып, әлеуметтік желілерде суреттерін қарша боратты. Оған құтты болсын айтып қуанғандар болды. Алайда, әлеуметтік желіде өкпе-ренішін жеткізгендер де көптеп кездесті.
Өзімізге келсек...
Қазір аудан басшысының «Алғыс хатына» таласатындар аз емес. Кейде салтанатты шараларда еңбек өтілі бір-екі жылды ғана құрайтын мамандар да марапатталып жатады. Әрине, марапатты қызғанбаймыз. Дегенмен, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани-мәдени кемелденуіне үлес қосқан ардагерлер ескерусіз қалуда. Соларды марапат биігіне шығарып, қошеметтеп жатсақ, үлгі-өнеге болар еді. Екінші жағынан, еңбек адамдарын насихаттау арқылы жастарға еңбектің парқын түсіндірер едік...
23 қаңтар 2019 ж. 1 126 0