№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайрат,ақыл,жүрек үшеуінің қызметі туралы

Қайрат,ақыл,жүрек үшеуінің қызметі туралы


Жүрек істемесе, бас та істемейді. Онсыз организмге қайдан күш кірсін. Сондықтан адам біткен атамзаманнан бері жүректі бірінші санайды. Жүрегім өйтті,жүрегім бүйтті деп оны алдымен атайды.  Әдебиет- халық өмірінің айнасы десек, онда да жүрек көп  жырланады. Ол қуанышта да, қайғңы да үлкен рөл атқарады. Неге десең, жүрек қан бермесе, дене жұмыс істемейді, жүрек-мотор. Мейірбан, әділетшіл, арлы адамды жұрт жүректі кісі екен деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан етпейді. Бұл-табиғи шындық.

Жүректі адам/шын жүркеті болса/өсек-өтірікке, қулық-сұмдыққа,алданыш, айнығыш сезімге бармайды, ал барғандар жүрегі тоқтар.
Ақыл деген нәрсе,қарағым, ол да – табиғи құбылыс. Бірақ өмір көп нәрсе үйретеді. Адам жас күнінен бастап жақсы мен жаманды салыстыра,байқай келіп, жіберген қателерінен тиісті қорытынды шығарып, өмір сүруге үйренеді. Бейнелеп айтқанда, бір жығылып, бір тұрып, тәй-тәй басқан жас бала секілді ақылдылыққа бірте-бірте бой ұрады. Ақыл қашқанға да, қуанға да қызмет етеді.
Ақыл,қысқасын айтқанда, орынды ойлана білу , орынды жерде ойынның қорытындысын айта білу. Айта білмеу – қорқақтық! Ойланған ақыл қаншама маңызды болғанымен, уақытлы айтылмаса,жертөледе шіріп, көгерген ең бағалы қазы-қарталы етпен тең.
Қайрат деген негізінде екіге бөлінеді. Бірінші, ақыл қайраты. Қарсыласыңды сөзбен, логикамен жеңу керек. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп қазекең тегін айтпаған. Екінші, күш қайраты. «Ақылыңа қайратыңды жолдас ет, қайратыңа ақылыңды жолдас ет» деген сөз бар. Оның мағынасы, қара күшім бар деп менмесіне бермегін, ойлан деген сөз. Тағы да «Қара күш бірді жеңеді, ақыл мыңды жеңеді» дейміз.
P.S. «Екі саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» деген даналық та осындайда шықса керек.
17 мамыр 2018 ж. 4 607 0