№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ХАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ НЕМЕСЕ ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЫ

ХАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ НЕМЕСЕ ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЫ

Бұл екі атаққа лайық жан, қарапайым ет сатушының қызы болған, бүгінде Хорватия тарихындағы бірінші әйел президент дәрежесіне дейін көтерілген Колинда Грабар-Китарович жайлы не білеміз?
Колинда 1968 жылы ет сатушы мен үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген. Бала кезінде аспансерік немесе аудармашы болуды армандаған. 17 жасында АҚШ-қа оқуға кеткен Колинда елге оралғасын Загреб университетіне магистратураға түсті. 24 жасында Хорватияның Ғылым және технология министрлігінің халықаралық ықпалдастық департаментінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2003 жылы парламентке сайланып, кейін европалық интеграция министрі болды. 2015 жылы президенттік сайлауға қатысып, сайлаушылардың 50,42 % дауысын жинап, жеңіске жетті. Яков есімді күйеуімен университетте жүргенде танысқан. Олардың Катарина мен Лук есімді балалары бар. Хорватия президенті футболмен шұғылданады, саяхаттағанды ұнатып, тіпті ұшақта да пилот бола алады екен.

Хорватия жұрты Колиндаға "халық президенті" деген атақ берген.
11 шілде 2018 ж. 834 0