№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰХТАР ӘЛИЕВ

МҰХТАР ӘЛИЕВ


МҰХТАР ӘЛИЕВ, Қазақстанның Халық қаһарманы, академик
         Мұхтар Әлиев 1933 жылы 20ақпанда Жаңақорғанға қарасты, Төменарық стансасында темір жол қараушысының отбасында дүниеге келген.

         Ол 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түседі. Оны бітіргеннен кейін Шымкент облысы Қызылқұм ауданының орталық ауруханасында бас дәрігер және хирург болып істейді. 1966 жылы кандидаттық диссертациясын, 1974 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 1976 жылы оған профессор атағы берілді.
         1978-1982 жылдары Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі, Бүкілодақтық хирургтер қоғамы басқармасының мүшесі болып сайланды. 1980-1985 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1982-1987 жылдары Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі болды.
         Академик М.Әлиевтің жетекшілігімен 34 докторлық және 45 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 350 астам ғылыми еңбектің авторы, олардың ішінде 12 монография, 15 ғылыми еңбек жинағы, 18 өнертабыс пен патенттің авторлық куәлігіне ие.
«Жаңарған Жаңақорған» кітабынан.
07 сәуір 2018 ж. 3 097 0