Басқарма басшысы Майра Мелдебекова тынығу лагерлерінің жұмысымен танысты
Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында 4-ші ауысымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара Президентіміз Н. Ә Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір жылдығына орайластырылды.
Осы бағдарламаның алты ірі бағытының бірі "Туған жер" жобасы. Туған жер жобасы бойынша көрме ұйымдастырылып, сахналанған қойылым көрсетілді. Салтанатты шараға облыстың білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мен Жаңақорған, Шиелі аудандарынан білім бөлімінің мамандары қатысты. 4-ші ауысымда Шиелі ауданынан келген 200 ден астам оқушы тынығып, білімін жетілдіретін болады.
Пікір 2