№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандықтар газдан уланып қалмаңыздар! Сақтық шараларын жасау керек!

Жаңақорғандықтар газдан уланып қалмаңыздар! Сақтық шараларын жасау керек!

Жылыту маусымы басталған сәттен иіс тиіп қайтыс болғандар туралы жиі айтылады және бұл тенденция жылда қайталанады. Биылғы жылыту маусымының басталғанына көп бола қойған жоқ, иіс тиюден қайтыс болғандар бар ма? Қыста иіс тиіп қалмау үшін не істеу керек? Үйдегі жылыту пештерін қолданудың ережелері қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жауап берді.
Ал тұрғын үй секторында өрт туындамай, тұншықтырғыш газдан уланудан 16 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан (2018 жылдың 13 қарашасындағы жағдай бойынша). Түркістан облысында - 6, Шымкент қаласында - 3 және Маңғыстау облысында 2 адам.

Жалпы, 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінде еліміздің тұрғын үй секторында 77 адам қаза тауып, 307 адам жарақат алды. Қаза болғандардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында - 21 адам, Қарағанды облысында - 13, Алматы облысында - 9 және Жамбыл облысында - 8 адам.

Улы газдан уланудың негізгі себептері қандай?

Улы газ - уланудың негізгі себебі. Ол жанбайтын өнім және қатты у, түсі де, иісі де жоқ. Ол қабырғалар, топырақ қабаттары арқылы енеді. Кеуек материалдар жұтылмайды, осыған байланысты сүзгіш газқағарлар улы газдан уланудан қорғамайды. Көбіне улы газдан улану күз және қыс айларында болады, ол кезде адамдар электр құралдарын пайдаланады және үйлерін пешпен жылытады. Тұрғын үй секторының тұрғындары үшін жылыту маусымы ең қауіпті кезең, бұл кезде олар жылыту пештерін қолданады. Ал жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу улы газдан улану сияқты зардаптарға әкеп соғады.


Улы газдан уланудың негізгі себептері:
- автокөліктің пайдаланылған газын жұту, қозғалтқышы бар автомобильде жабық гараждарда ұзақ уақыт болу;
- тұрмыстағы улы газдан улану:
жылыту аспаптарының (каминдер, пештер және тағы да басқа) ақауы, пропанның тұрмыстық газдың шығуы, керосин шамдарының ұзақ жануы және тағы да басқа;


Уланып қалғаныңды қалай білуге болады?

Уланудың белгілері зақымдану дәрежесіне, ағзаның жалпы жағдайына, бар ауруларына және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Дегенмен, бас айналуы, ауыруы, жүрек айнуы, құсу, құлақтағы шу, ентігу, жөтел, көз жасы сияқты симптомдар міндетті түрде алаңдатуы тиіс. Бас ауруы және айналуы - улы газдан уланудың жиі кездесетін белгісі. Егер қалтырау басталса, температура төмендейді, зардап шегушіні жылыту мақсатында орап тастау керек. Тыныс алуды жеңілдету үшін ашық ауада жүру керек немесе терезені ашып, жақын отыру керек. Қорқу немесе үрку сезімдерін сезінген болса, тыныштандырыңыз. Есін жоғалтқан адамның басы шалқайып кетпеуін қадағалау керек, әсіресе кенеттен құсу пайда болса.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттердің және адамдардың қаза болуын азайту мақсатында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Сонымен қатар, комитет газдан уланудың алдын алу туралы бейнероликтер дайындаған.

Дайындаған Ерлан АБДРАСИЛОВ
21 қараша 2018 ж. 1 472 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 16:18
Generic Acticin Internet Shop Shipped Ups Macrobid Tablets Medication Cash Delivery Online п»їcialis Tadalis Sx Soft History Propecia Perte Cheveux

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 06:01
Cialis Oder Levitra Test Cephalexin History Pdr Side Effects Rare For Amoxil online pharmacy Cialis Levitra Propecia