№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 61 жағдайы тіркелді

2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 61 жағдайы тіркелді


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 18 маусымдағы (09:00) менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлама таратты.
"Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 61 жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 9 адам, 40 адам емделіп шықты және 12 науқас қаза болды. Олардың алтауы Алматы қаласында, үшеуі - Алматы облысында. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 адам және Қызылорда облысында – 1 адам қаза болған" - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.
Сырқаттың катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.
Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.
Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.
Созылмалы инфекциясы бар ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.
Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.
Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!
19 маусым 2018 ж. 816 0