Қазақстанда кедейлік деңгейі анықталды
2018 жылдың І тоқсанында Қазақстанда кедейлік деңгейі 0,6% құрады, ал бір жыл бұрын 0,4% болған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіште Маңғыстау облысы (1,5%), ОҚО (0,9%) және Ақмола облысы (0,9%) айтарлықтай мәнге ие.
Қостанай облысында кедейлік деңгейі 0,8%, ал СҚО мен ШҚО-да 0,7%-тен болып отыр.
Ең төмен көрсеткіш Павлодар және Атырау облыстарында (0,2%), Астана қаласы мен Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында (0,3%) тіркелді.
Жалпыреспубликалық кедейлік деңгейі бір жыл ішінде еш өзгеріссіз 2018 жылдың І тоқсанында 0,1% болып қалды.
Мұнымен қоса, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 0,5%, Ақмола облысында – 0,3%, Атырау және Павлодар облыстарында 0% болды.
Пікір 2