Соңғы жаңалықтар

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Темекі шеккен ұшқыш жолаушыларды өлтіре жаздады

Темекі шеккен ұшқыш жолаушыларды өлтіре жаздады


Air China әуе кемесінің ұшқышы ұшу кезінде электронды темекі шегемін деп жолаушыларды өлтіре жаздады. Шылым шеккен ұшқыш салондағы салқындатқышты өшіріп тастап, ұшақтың ішіндегі адамдарды ауасыз қалдырды.Бұл туралы South China Morning Post хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Оқиға  Қытайдың Далиан қаласынан Гонконгқа бағыт алған жолаушылар ұшағында орын алды. Ұшу кезінде шылым шеккен екінші ұшқыш әуе кемесінің командирін ескертпестен салқындатқышты өшіріп тастаған. Ол желдеткішті темекі түтіні жолаушылар отырған салонға кіріп кетпесін деп абайсызда өшіріп қойған. Соның нәтижесінде ұшақтың апаттық тетігі іске қосылып, оттегі маскасы түскен.
Осыдан кейін ұшақ 3 048 метрге дейін төмендеп, біраздан соң қайтадан тұрақты биіктікке көтерілді. Абырой болғанда ұшақта болған 153 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Әуекомпания сарапшылары оттегі деңгейінің азаюына қарамастан ұшқыштардың ұшуды жалғастыруына келісім берген.
«Пайдаланылған оттегі маскаларымен ұшуды жалғастыру нағыз ессіздік болды. Егер тағы да апаттық жағдай қайталанса, жолаушылар оттегісіз қалатын еді », – деп түсіндірді Cathay Pacific Airways ұшқышы Дэвид Ньюбери.

13 шілде 2018 ж. 1 046 0