Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 11 мың мұғалімнің жалақысы өспейді. Неге?

11 мың мұғалімнің жалақысы өспейді. Неге?

  Қазақстанда 11 мың мұғалімнің жалақысы өспейді, деп жазады «Айқын» газеті.




  Өйткені олар аттестациядан өте алмаған. Басылымның кешегі санында осы тақырыпқа арналған мақала жарыққа шықты. Онда былай делінген. Мұғалімдер арасында аттестациядан өту мәселесі жыл сайын қозғалады. Жыл сайын сынаққа қатысады. Сынақтан өтпей қалып, келесі жылға қалатын педагогтер де жетерлік. Бұл аттестация мұғалімге не береді? Аттестация педагогтың сынақ алаңы ма? Осыған қатысты материал авторы ұстаздардың бірінен сұхбат алыпты. Астанадағы №65 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Закира Ералиеваның сөзін сіздер де тыңдап көріңіздер.

   «Сынақтан өту педагог ретінде шеберлік деңгейін білу үшін керек. Әр мұғалімнің деңгейіне байланысты еңбекақы тағайындалады. Сол себепті де ұстазға тестілеуден өту қажет. Осы тұрғыдан келгенде Білім және ғылым министрлігінің бұл шешімі орынды. Ал тестілеуден сүрінген мұғалімдерге келер болсақ, олардың әрқайсысы өз пәні бойынша сынаққа қатысып отыр. Оларды сүріндірген сабақтар білім беру әдістемесі болуы мүмкін. Бұл – олар негізгі пәннен біліктілігі төмен деген сөз емес. Сондықтан мұғалімдерге сынақтан өтпей қалды деп, шет қағуға болмайды. Оларға тағы бір рет мүмкіндік берілуі тиіс. Онсыз да азғантай жалақымен еңбек етіп жүрген мұғалімді «тестілеуден өтпедің» деп тағы бір тұқыртсақ, не болады? Аттестациядан өткен мұғалімдердің жалақысына келесі жылдан бастап, 30 не 50 пайыз қосылады деген сөз бар. Сол үшін де сынақтан өту мұғалімдер үшін аса қажет болып тұр».

  Кей мұғалімдер аттестация категорияны көтеру үшін ғана қажет деген пікірде. Онсыз да қағазбасты педагогтер үшін қағаздың санын тағы бір данаға арттырғаны болмаса, пайдасы жоқ дегенді алға тартады.
 
  Алайда мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін сынақтан өткен дұрыс па, жоқ па деген сауал күн тәртібінен түспей тұр. Бұл мәселеде ұстаздардың да пікірі екіге жарылған: бірі – қарсы, екіншісі құптайды. Ұстаздарды алаңдататын дүние сынақтан сүрінгендер не істейді? Бірінші жолы құлады делік, екінші рет оның қайта тапсы руға мүмкіндігі бар. Ал сынақтан мүлдем өте алмаса ше?

Авторы: Жасын Біркенов

https://pdf.aikyn.kz/egazet/2018/11/aikyn-20181113-compressed.pdf


15 қараша 2018 ж. 1 414 0