№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ер мұғалімдер неге аз?

Ер мұғалімдер неге аз?

                       
    «Маған мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» деген екен Ыбырай Алтынсарин. Иә, мұғалім – кез-келген адамзат баласы үшін орны бөлек, бағалы жан. Әрбір адам тәй-тәйлеп мектеп табалдырығын аттаған сәттен оның қолынан ұстап, қарсы алатын, ең соңында қимастықпен шығарып салатын да осы ұстаздар қауымы. Бір сөзбен айтқанда, тарыдай болып кірген балдырған баланы таудай етіп, санасына білім нәрін сеуіп, ересек етіп қияға қанаттандыратын ұстаз атаулының еңбегі ерен. Сондықтан да, әрбір бұрымды апайына ұқсағысы келсе, ер-жігіттер ағайына еліктеп ержетеді. Бұл орайда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мұғалім бейнесінің атқарар рөлі басым.          Бірақ,қазіргі қоғамда біз алаңдайтын үлкен бір мәселе бар. Ол – білім ошақтарындағы ер мұғалімдердің тапшылығы. Қысқасы, қыздарға қарағанда ер-жігітттер әлсіздеу деңгейде. Бұл ғана емес, ер мұғалімдердің аздығынан қазақтың қара нардай жігіттері қызға тән қасиетті бойына сыйдырып, ынжыққа айналуда. Әскерден қашып, жалтақтау да мектептегі ағайлардың қаталдығы мен соққысын көрмегендіктен орын алуда.
     Хош.Тақырыпты тарқатсақ. Айтса айтты дейміз-ау, бала-шағаның сөзін жақтап, апайы айғайласа арыз жазып, баланы басқа шығардық. Ата-ананың айқайынан аяқтартқан ер мұғалім де біреудің баласын ұрмақ, дауыс көтеруге де баталмайды. Соның кесірінен, ағайлардың қаталдығы мен ер-жігіттік мінезін көрмеген оқушы  өскесін нәзікжандыларға ұқсас болып шығуда. Біздің бұдан ұтылғанымыз – ер-жігіт деп баға беріп, сенген ұландарымыз елді  қорғамақ, өзін қорғай алмайтын қорқақ халге ұшырағаны. Иә, осы тұсы өкінішті әрине. Мұның бәрі ерлердің мұғалімдік салада төбе көрсетпеуінен. Ер-жігіттерді нағыз ерге тән қасиет пен мінезге, өжеттілік пен батырлыққа, батылдыққа тәрбиелемегендіктен.
     Не десек те, ер мұғалімдердің қаталдығын көрген қыз бала да білім ошағында бүгінгідей жігіттермен етене араласып, оғаш қылыққа бара қоймасы анық. Өйткені, әйелдің жүз айғайынан ер мұғалімнің бір дауыс көтергені әлдеқайда күштірек.
     Қысқасы, біздің қоғамда ғана емес, ауданда да  ер мұғалімдер аз. Бұл мәселеге біраз жауап іздедік. Статистикалық деректерге сүйенсек, елде 233 000 әйел мұғалім, 52 750 ер мұғалім бар екен. Ер мұғалімдер көбіне дене шынықтыру, еңбек, алғашқы әскери дайындық сынды қосымша сабақтардан берсе, бала тәрбиелейтін негізгі пәндердің басым бөлігін әйелдер жүргізеді екен. Ал, өзіміздің Сыр өңірінде биыл 18096 ұстаз бастаса, оның 14372 сі әйел ұстаз да, 3724-і ер мұғалімдер. Яғни, республиканың қай аумағын алып қарасақ та, ер-азаматтардың ұстаздық саладағы үлесі 20 пайыздан аспайды.
     Пайымдай келе, мұғалімдік саланың айлық жалақысы аз болғандықтан, ерлердің қызығушылығы төмен дейін десек, жыл сайын үкімет тарапынан мұғалімдер мен дәрігерлерді басты назарға алып, материалды табыс көлемін көбейтіп жатқаны белгілі. Тіпті, кейбір мемлекеттік қызметкерлер табысынан ұстаздар жалақысы әлдеқайда жоғары деңгейде. Демек, ер жігіттердің бұл салаға жиі бас сұқпайтын себебі олар – баланы оқытудан гөрі түздегі ауыр кәсіпті ұнатады. Қағаз толтырып, жоспар құрып, баламен тіл табысып, білім мен тәрбие беріп, сананы қозғатқаннан гөрі күш жұмсайтын жұмыстар ер жігітке қызығырақ. Сол себепті, біздің қоғамда көпке үлгі болып, бір сөйлеп-ақ, мәселе шешіп, балаларға үлгі көрсететін ағайлар көбеймей тұр.
        Не десек те, ұрпағымыз ұлағатты ер-жігіттер батыл да батыр, қайтпас қайсар, өжет болсын десек, бұл мәселеге жете қарап, ер-жігіттердің педагогикалық бағытқа қызығушылығын арттырып, әйел мен ер мұғалімнің деңгейін теңестіру қажет. Болмаса бұл мәселенің шешімі табылмай қала бермек...
03 маусым 2018 ж. 1 419 0