№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ОСАЛ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ ҚАЙСЫ? АЙТАМЫЗ...

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ОСАЛ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ ҚАЙСЫ? АЙТАМЫЗ...

Еліміздегі ең осал оқу орындары үштігіне Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті (7 рет соңғы көрсеткішке ие болған), Орта Азиялық университет (25 рет соңғы көрсеткішке ие болған), М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (41 рейтинг ішінде 23 рет соңғы көрсеткішке ие болған), деп жазады Zakon.kz.
Мамандық арасында сапа мен өзектілік, заманауи көрсеткішті айқындаған университеттер Нархоз, КБТУ, Евгений Букетов атындағы КарМУ, Сұлтанмахмұт Торайғров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті болды.
Келесі сатыда 31 мамандық келесідей критерилер бойынша тексерілді: түлектердің жұмысқа орналасу пайызы мен олардың орташа жалақысы, бағдарламаның өзектілік бағасы, түлектердің анкету толтыру нәтижесі мен сарапшылардың бағасы.
«Екінші сатыда көп қолданылатын салалар көрсеткішке ие болды. Ол заң, туризм, қазақ тілі мен әдебиеті. Бұл рейтинг оқу орны үшін де, түлектер үшін де қажет деп ойлаймын», – деді Министрліктің білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов.
Түлектер арасында жұмысқа орналасу бойынша «Металлургия» мамандығы алдыда. Түлектердің орташа жалақысы 147 мың теңге. Сонымен қатар, «Бағалау», «Информатика» мамандықтары үшткікке кіреді. Ең төменгі жалақы алатын Қазақ технология және бизнес университетінің «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және дизайны» мамандығы болып шықты. Орташа жалақы 38,5 мың теңгеге тең болды.
“Логистика”, “Агрономия” секілді мамандықтың 3-5 түлегі ғана жұмыс істейтіні белгілі болды.
«Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы Олжас Ордабаев оқу орындарының сұраныста бар мамандықтарды оқыту, тереңдете оқу жүйесін қолға алу керек екенін айтты.
Тәуелсіз сарапшы Жарқын Байпақбаев “Автотранспорт және логистика” мамандығын бағалап, бағдарламаның жұмыс берушілердің талабына сай келмейтінін айтты.
Маман оқу орындарында тәжірибенің аздығын, жұмыс берушілермен жұмыс істелмейтінін, кәсіпорындармен видеоконференция өтпейтінін алға тартты. Бір оқытушының 16 пәннен сабақ беретінін айта келе, ол мұғалімнің барлық пән талабына сай келмейтінін жеткізді.
Еске салайық, бірінші кезеңде 784 білім беру бағдарламасы бағаланды, қыркүйек айында сарапшылар тағы 681 бағдарламасын бағалады. Барлығы 430 сарапшы жұмысқа тартылды, 2016-2017 оқу жылындағы 6000-нан астам түлек тексерілді.
05 қазан 2018 ж. 1 046 0