№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сұлтан Сартаев! Бұл кісінің есімі әрбір қазаққа таныс.

Сұлтан Сартаев! Бұл кісінің есімі әрбір қазаққа таныс.

Ал, жаңақорғандықтар үшін ерекше жақын.
   Өз тәуелсіздігіне қол жеткізген, ізгілік пен әділдік салтанат құрған зайырлы мемлекеттің Конституциясы өмірге келуі мен белгілі тұлға – Сұлтан Сартаевтың есімі тығыз байланысты.
   Сұлтан Сартаев 1940 жылы 15 қазанда Жаңақорған қонысында дүниеге келді. Ол заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Қазақстан заңгерлер Одағының төрағасы.
С.Сартаевтың тікелей басшылығымен 1980 жылы «Қавзақ КСР Президенті туралы Заң», 1990 жылы «Қазақ КСР Мемлекетінің егемендігі туралы Декларация», 1991 жылы Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» Заң жобасы жасалды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған кезеңді екі сатыға бөлуге болады.
   1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституцияны қабылдау (1991 жылы 16 желтоқсанда), 2. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау. Бірінші кезең жаңа, тәуелсіз, егемен мемлекеттің механизмін жасау, жолдары мен нысандарын, мемлекеттің түбегейлі принциптерін, идеяларын, нарықтық қатынастарға бейім реформаларын нақтылады.
   Ал 1995 жылғы Конституция мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын бекітті. Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту міндеттерін белгіледі.
Тәуелсіздіктің төл заңын өмірге келтіруде мол тәжірибе, ұлттық ұстанымға бай, сәулелі сана, кемел білім иесі Сұлтан Сараевтың қолтаңбасы айрықша.
   Қазақстанның мемлекеттігі мен Конституциясының қалыптасуына қосқан үлесі үшін ол «Құрмет белгісі», «Парасат» орденімен марапатталды.
Сұлтан Сартаевтың әділ заңның салтанат құруы, заңды сыйлау, құрметтеу тақырыбына жазған еңбектері өз алдына, ол қаламы қарымды жазушы ретінде адамгершілік, ізгілік, иман тақырыбына да қалам тартып, бірнеше жинақтары жарық көрді.
Дәуір тудырған тұлға, қос ғасырды бастан кешіп, зердесіне замана көшінен көшелі ой түйген сырлы кеуделі саңлақ тұлғаның бір ғана қырын әңгімелесек дейміз.
Осыдан бірнеше уақыт бұрын ол кісі Жаңақорған шипажайында ем алып жатты. Бірде емнен соң тынығу залында оралман қызбен әңгімелесіп отырғанмын. Кенет, Сұлтан аға келеді екен, орнымыздан ұшып тұрдық. Ол кісі біздің қатарымызға келіп жайғасты. Содан соң орамалын маңдайына түсіріп тартып алған оралман қызға бұрылып:
– Айналайын,-деп сөз бастады,– Қазақтың қыздары ешқашан оранып-шымқанып, жүзін жасырып жүрмеген. Олардың арасынан тіпті атқа мініп, бесқаруын асынып, жауға қарсы шапқан жауынгерлер де шыққан. Өз-өздеріңді төменшіліктетпей, жүздерің жарқын болып жүрсін,–деген ақылын айтты.
   Оралман қыз басын изеп, құптағанын білдіріп жатыр. Сұлтан ағамыз енді өзін таныстырып, – Мен Сұлтан Сартаев деген ағаларың боламын. Президент жанындағы кешірім жөніндегі комиссияның төрағасымын,-деді.
   Біз үшін Сұлтан Сартаевтың атағының ауқымы, танымалдығы бұдан әлдеқайда кең, әлдеқайда биік қой. Осынша құрмет пен беделін бетке тұтып, кеуде соғуды қаламайтын жаны асыл азаматтың қарапайымдылығына ерекше тәнті болып едім сонда. Мүмкін, өмір бойы туған халқының тағдырымен сабақтасып келе жатқан мазасыз тіршілігіне кешірімге өрілген өмірін өзек еткісі келе ме екен?
   Кешірім мен кеңшілік бір ұғым ғой.
Сұлтан ағаның тұла бойынан дархан даласындай кеңдік пен кішіпейілдіктің лебі есіп тұратындай. Туған халқының жоғын түгендеуде жүз ойланып, мың толғанумен күн кешетін қайраткер тұлғаның таймас серті-біреу-ақ. Ол құдайдың құлы, халқының ұлы болу.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
07 қараша 2018 ж. 1 549 0